14 сәуір - ғалым-демограф Александр Николаевич Алексеенконың туғанына 60 жыл (1956).
12 сәуір - аудармашы, ақын, публицист Кенжебек Байгужиновтың туғанына 60 жыл (1956).
Медеу Сәрсеке. Семей қасіреті. – Деректі тарихи хикаят. – Астана: Фолиант, 2016. – 856 б.
Ертіс бойындағы қалың елдің ауыр қасіретімен тағдырлас автордың өзі осы кітапта сөз болып отырған шерлі оқиғалардың куәгері. Кітаптың түрлі-түсті картиналарының авторы –әуесқой суретші, полигон қасіретінің құрбаны Кәріпбек Күйіков.
17 наурыз - өлкетанушы, журналист Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Павел Антонович Иевлевтің (Алтайский) туғанына 110 жыл (1906-1988).
14 – 15 наурыз 1921 жыл - осыдан 95 жыл бұрын Семей қаласында мұсылман әйелдерінің 1-губерниялық сьезі өтті.