17 тамыз 2017 жылы Шығыс Қазақстан облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапханада 2017 жылы «Нұрлы әлем» баспасынан шыққан үш томдық «Алтын тұғыр» атты кітаптың тұсаукесері болды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. «Ауылым-алтын тұғырым» шығармашылық бәйгесінің негізгі мақсаты-әдебиетке бет бұрған жастардың шығармашылығына қолдау көрсету және сол арқылы ауылдың бүгінгі тыныс тіршілігін, табиғатын кең тұрғыда дәріптеу.
А. С. Пушкин атындағы кітапхана қоры Дидахмет Әшімхановтың бірнеше кітабымен толықты.
Бүгін ағамыз тірі болса 80 жасқа толар еді. Әттең...
Ұлылықтың ұлы мекені Шығыс өңірінде қаншама толқын иелері өмірге келіп, өмірден өтті десеңізші!
Сені іздедім күрескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан
Сені іздедім жоғалған замандардан,-
деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, кітап сүйер қауымға аты мәлім азамат-ақын, ардагер-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тұрғазы Нұқайұлының арамыздан кеткеніне де он алты жыл өтті.
Қытайдағы Қазақ автономиялық өлкесінің әдебиет, фольклор жанашыры журналист, Асқар Игенұлы мырза кітапхана қорына әдебиет пен этнографиялық деректер, фольклорлық зерттеулер тоғыстырылған тоғыз том кітапты сыйға тартты.
16 мамыр күні Күршім аудандық Мәдениет үйінде жерлесіміз, жазушы Асқар Алтаймен кездесу өтті.
17 мамыр сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы кітапханада қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш, біртуар азамат Жақыпбек Малдыбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Кешіміздің қонақтары ұшқыштың немере-інісі Болатбек пен Нұрлыбек Малдыбаевтар келіп аталары жайлы тартымды әңгіме айтып берді және осы ұшқышымыздың өмірін зерттеп жүрген жерлес жазушы-журналистеріміз Айтмұхамбет Қасымов, Оңдасын Елубай ағаларымыз кеш қонақтарына тартымды да әсерлі әңгіме сыйлады. Кештің көркін қазақтың күмбірлеген домбыра дауысымен Ағайынды Абдуллиндер атындағы Өнер колледжінің студенті Санат Амантай «Адай» күйімен ашып, Құрманғазының күйі «Терісқақпаймен» аяқтады.
4 мамыр күні №5 қалалық мектептің оқушылары кітапханада ұйымдастырылған «Партизан соғысының батырлары» кітап көрмесімен танысты. Оқушыларға партизандар, астыртын жұмыс істеушілер, соның ішінде жергілікті партизандар жайлы, олардың қайтпас қайсарлығы мен ерлігі жайлы мәлімет берілді.
Өскеменнің Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Азаттық таңы – алаштың жаны» атты әдеби сазды кеш өткізілді.