А.С. Пушкин атындағы кітапхана «Тарихи фото» облыстық шығармашылық байқауын жариялайды. Байқауға жас ерекшелігіне қарамай барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Өзіңіздің отбасылық альбомыңыздан өткен күндердің естелігі болып қалатын ерекше құнды фотосуретті таңдап, сол туралы әңгімелеп, эссе жазыңыз.
28 қыркүйек – Өр Алтайдың асқақ жыршысы Оралхан Бөкейдің туған күні. Көзі тірі болса Оралхан ағамыз 75- ке толушы еді.
Қойнауы қазынаға толы Алтын Алтай өңірі туралы аңыз-әпсана сізді қызықтыра ма?
2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласының «Туған жер» жобасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру барысында Қазақстан – Американ еркін университетінде «Менің Отанымның аңыздары» сайысы өткен еді. Сайысқа қатысқан шығармалар жеке жинақ болып жарық көрді. «Ертіс туралы аңыз», «Дана әже», «Бүркіт тауы»,»Екі асу» аңыздары туған өлке тарихынан сыр шертеді.
Өңір туралы аңыздарды оқығыңыз келсе,жаңа жинақпен таныс болыңыз:
«Менің Отанымның аңыздары» Республикалық сайысы: Сайыс шығармаларының жинағы - Өскемен, 2018, 149 б.
Менің мамам Фархинур Мұхамедханова = Моя мама Фархинур Мухамедханова. - Алматы : Dominant-print, 2018. - 66 б.
Сіңемін ойдың қалың нуларына
Жүрегім толқыды да, тулады да
Бейнесі Фая апамның мәңгі есімде
Бір ғасыр болды міне туғанына
Бас ием рухына құрметтеймін,
Арнаған ақ тілегін кірлетпеймін.
Дауылда, жауын да да қатар ұшқан,
Сұңқардың сыңары деп суреттеймін,-деп Әбубәкір Қайран ағамыз жырлағандай, Семей қаласында балаларының қолдауымен Фархинур Мұхамедханова анамыздың 100 жылдығы аталып өтті. Осы кездесуде «Менің мамам Фархинур Мұхамедханова = Моя мама Фархинур Мухамедханова» атты орыс, қазақ тіліндегі кітаптың тұсаукесері болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті және академигі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры - Сыдықов Ерлан Бәтташұлы Шығыс Қазақстан облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапхана қорына бес кітабын сыйға тартты. Кітаптар ағылшын, қытай, орыс, қазақ тілдерінде. Биыл Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 160 жыл толуына орай автормен онлайн кездесу болады.
Осы жинаққа кірген «Алтай балладасы» немесе «Алтайдың алқызыл модағайы» роман – мифіндегі оқиға Алтай тауларының Қаражал тізбегінде болған. Қаражалға шыға беріс жотаның үстінде ежелден келе жатқан тастан жиналған бірнеше зират бар. Сол жерді жергілікті халық «Қыз бейіті» деп атайды.
Алтай, А. Алтай новелласы [Мәтін] : роман - миф, повесть - аңыз, новелла / Алтай А. - Алматы : Өлке, 2001. - 292 б. - (Отырар кітапханасы).