kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Ысқақ Кабеков

Ақсуат ауданында дүниеге келген.

 Омбыда К.Төгісов, М.Әйтпеновтармен бірігіп, «Қазақ еңбекшілерінің одағын» құрады. Ысқақ Кабеков туралы тұңғыш 1919 жылы қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, революционер ақын С.Сейфулиннің "Октябрь төңкерісінің құрбандары"атты  мақаласы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетімен Қазақ ССР Жоғарғы

  Советінің  органы "Еңбекші қазақ", (қазіргі "Социалистік Қазақстан")газеті баспасында басылып шықты. Кейіннен 1960-1986 жылдары аралығында жергілікті аудандық, облыстық Солтүстік Қазақстан облысының газет беттерінен тарих ғылымының кандитаты, республикаға еңбек сіңіргенмәдениет қызметкері Б.Елкеевтің "Известия" газетінің бұрынғы жауапты қызметкері  Ж. Мұхаметжановтың бұрынғы наркомзен Ә. Бектасовтың бас мақалалары партия тарихы институтының жауапты қызметкерлері Пахмурный, тарих ғылымының кандидаты А.А.Холодновтыңбірқатар тарихи деректі еңбектері жарық көрді.Ы, Кабеков 1909-1910 жылдары екі кластық  Көкпекті орыс-қазақ мектебінде оқу-шылық өмірін бастап, көп ұзамай  бай-манап, би-болыстардың балаларымен жиі қақтығыстары үшін одан «қуылып,"Семейге оқуға қабылдамаған соң Омбы қаласына дәрігерлік семинарияға түсіп мамандық алып шығады.  Ақсуат өңіріненшыққан тұңғыш  дәрігер  мамандығын алған азаматтардың бірі болған.  Сонымен қатар Ақсуат өңірінде дәрігерлік қызмет көрсетіп, шешек ауруына  қарсы, алғаш ем қолданып «Бұл ауруды біз түгелді жеңеміз, сіздер оған толық сеніңіздер"- деп жерлестерін сендірген.  Революция дауылы Россияның жүрегі, Петроградта көтерілген күннен бастап үстем таптың қара халыққа жасап келген  қиянатын бала кезінен көріп өскен ол төңірегіндегі прогрессив көзқарасты жастармен бірігіп 165 мүше бар  «Қазақ еңбекшілерінің одағынқұрды. Бұл одақтың төрағасыболып 1913ж.  Уфа қаласында   "Надандық құрбаны"  атты пьеса қойған қазақтың тұңғыш драматургы Көлбай  Тоғысов, секратары болып Ы. Кабеков сайланды. Одақтың алдына қойған мақсаты: ауыл өмірінің күнделікті проблемалық  мәселелерін шешу, советтер мен Комиссариаттардан үстем таптың өкілдерін аластату, олардың жасаған қиянатын айыптау еді. " Революционная мысль» (18 ноябрь,1917г). Алайда "Қазақ  еңбекшілері  Одағының " іс- қимылына  наразылық білдірген  уақытша өкімет, контрреволюциялық элементердің көмегіне сүйене отырып,одақ құрамын тарқатып,жұмысын  тоқтатып тастады.   (Омбы  облыстық мемлекеттік архиві Ф.197.1.69).Одақ мүшелерінің жұмысына уакытша өкімет тыйым салғанмен революцияның көзқарастары орныққан қазақ интеллигенциясының Омбы  қаласындағы  жастары өз әрекеттерін жалғастыра берді. Үш жүз партиясы Орталық Камитетінің тұрақты жері Омбы қаласы,ал оның уездік комитеттері Шығыс және Слотүстік Қазақстан уездеріне құрылды. Ы.Кабеков өзінің бір топ серіктерімен Қызылжар "Петропавл" уездік  комитетіне  жетекшілік етті. "Үш жүз" партиясы негізінен солшылдар қатарына  саналғанымен революцияны құшақ жая қарсы алып, большевиктермен бірге бітіскен саяси ұйым болды.Оның орталық Камитеті 1918 жылы март айында Москва қаласында  өткен  Советтердің 4-төтенше сьезіне  телеграммажіберіп,қазақ халқы атынан  бүкіл Россиялық Советтер сьезін құттықтап, жүргізген саясатын  толық мақұлдайтынын білдірді. (ЦГА ОР СССР, Ф 1235.0493.А.2л-57). Жас Совет өкіметі Ақмола, Семей, Омбы, Қызылжарда органнан кейінде контрреволюциялық элементтер  көтерілісі жиі бой көтеріп  отырған. Қызылжардағы көтерілістерлді басуда, революциялық күштермен бірігіп Ы.Кабеков  көзге  көрінерлік қайрат көрсетіп,сол жердегі  татар, қазақ халқын еңбекшілерден тұңғыш  өкіметті Совдепті қолдауға, оны нығайтуға шақырған. Қазақ жұмыскерлерінен қызыл гвардия отрядтарын құруға атсалысқан. (ЦГА.Каз ССР Ф 23Он1Д.2л-81)

Міне осындай большевиктік жүргізген жұмыстары үшін Ы.Кабеков Петропавл жұмысшы солдат және шаруалар Советінің құрамына оның өте жауапты атқару орындарына сайланды, ең ауыр деген шаруашылық саяси жұмыстарға тағайындалған. 8 Январь 1918 жылы  " Үш жүз " партиясының Орталық Комитетінен  Петровл Советінің құрамына Ы.Кабеков және К.Тоғысов сайланды. (ЦГА ОР Ф 393,Он 356 л,258 ).  Айналасы бір аптадан кейін  17 январь күнгі Петропавл Советінің шешімімен Ы.Кабеков уездік  совнархоздық Жербөлімінің комиссары етіп тағайындалды да оның серігі К.Тоғысов Омскінің губерниялық  атқару комитетіне жұмысқа жалданды.(ЦГА ОР Ф   393,Он 3Д,356,л266-269). Партия ұйымдары жер бөлімінің комиссаиаты арқылы тұрғын  халықтың  мүддесін кулактармен байлардан қорғауды,оларды аграрлық жұмыстарға тартуды ұйымдастырып отырған.  Бұл жұмыстармен Ы.Кабеков, Г.Ыдырысов басқарған  арнайы секция үгіт-насихат жұмыстарымен айналысып қазақ және татар тілінде  әдебиеттер шығарып клуб ұйымдастырған.Сол күндері қала мен уезде екі сот және тергеу комиссиялары құрылып, оның бірі прокуратура мен соттың қызметін атқарған болса,екіншісі алыпсатарлықпен пара  алушылықпен лауазымды қылмыскерлікпен  лауазымды контреволюциялық қозғалыспен күрес жүргізген. Бір сөзбен айтканда екінші төтенше  комиссариаттың " ҮК" қызметтін атқарған.Революциялық  трибуналдық сондай-ақ сот  және тергеу комиссиялық  құрамында Ы. Кабеков, П.Калюжная, В.Соловьев т:б сенімді большевиктер болған. Осы революционерлердің басшылығымен тергеу комиссиясы  меншевиктер  мен әскерлердің, жобасын жасап,қалада Совет үкіметінің қайта орнауын жоспарлаған. Тар қапаста  жатқан большевиктер әртүрлі жолменмайдан хабарын алып оны жұмысшылары арасына таратып отырған.  Бірақ уақытша Сібір үкіметінің жазалаушы  органдары 1919 жылдың март айында арандатушылық көмегімен астыртын ұйымның ізіне түсіп көптеген  большевиктерді қолға түсіріп аяусыз жазалап өлтірді.Олардың ішінде  Ы.Кабековта бар еді. Жалынды күрескер,  жерлесіміз Ы.Кабеков ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапқан. 1995 жылы Екпін ауылындағы ортамектепке аудан әкімі және аудандық мәслихаттың   шешімімен белгілі қоғам қайраткері Ысқақ Кабековтың аты беріліп, қола мүсін мектептің ауласына әкеліп қойылды.

 

Автор туралы мәлімет:

  Заманбекұлы Дүйсенбек.

Тарбағатай ауданы Екпінді ауылы,

 Ы. Кабеков атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі.                      

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений