Өскемен қаласының тұрғындары, Ребровтар отбасы біздің кітапханаға отбасылық жәдігерді, атап айтсақ, Мұхтар Әуезовтың 1945 жылы басылып шыққан «Абай» романын сыйға ұсынды.
9 қазан күні Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жерлесіміз Дидахмет Әшімханұлына арналған «Бүгінгі қазақ әдебиеті және Дидахмет Әшімханұлы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
«Біздің Абай» электронды кітапханасы Абай Құнанбаевтың венгр тіліне аудармаларымен толықты.
23 қыркүйек күні облыстық мұрағаттар басқармасының мәжіліс залында жерлесіміз, Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіровтың « Мои четверостишие...» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Әдеби-музыкалық салонның қонағы «Звено Алтая» өңірлік әдеби бірлестігінің мүшесі, ақын Тамара Бугаева өзінің соңғы шығармасы - Кеңес Одағының батыры барлаушы Ізғұтты Айтықовқа арналған өлеңдерімен таныстырды. Атақты жерлесіміз туралы материалдарды көп оқыған Тамара Николаевна батыр рухына бас иіп, бірнеше өлең жолдарын арнаған.
«Как прекрасна земля и на ней человек!» С. Есениннің осы жолдары «Борис Щербаков пен Владимир Нетисовтың шығармашылығы өңірлік әдебиеттің мәні » атты 2015 жылдың 10 ақпаны күні Белоусовка орта мектебінде өткен облыстық ғылыми –практикалық конференцияның эпиграфы іспеттес болды.
2015 жылы 5 ақпанда А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «2015 жыл-мерейтойлар жылы» атты дәстүрлі өлкетану кездесуі өтті.
16 қаңтар күні кітапханада "Шығыс Қазақстан кітаптары-2014"деген атпен 2014 жарық көрген жаңа басылымдардың тұсауы кесілді. Тұсаукесерде әдеби жоба «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясының үшінші топтамасы, ауған соғысында қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған «Азалы кітап» пен «Шығыс Қазақстан» энциклопедиясы ұсынылды.