Халықтың есінде ерекше орын алған Ауған соғысы атты қасіретті оқиға жылдар тізбегімен алыстап барады. 15 ақпанда Кеңес Армиясы Шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 27 жыл толады. Ауғанстанда 2 500-ден аса жерлесіміз әскери борышын абыроймен атқарды. 87 жауынгер бауырлас халықтың еркіндігі жолында қаза тапса, 2-і хабарсыз кетті. Біз олардың әрбірінің есімін жадымызда сақтаймыз. Азалы кітап осы боздақтарға арналады.
Жүктеу: "Азалы Кітап- Книга памяти"
Кітап қоры «Құнанбай : дара тұлға және көркем бейне» атты өлкетану кітабымен толықты. 2014 жылы Ұлы Абайдың әкесі - Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 210 жыл толуына орай Семейдің Абай мұражайында өткен конференция материалдары.Қайшылыққа толы Құнанбай тұлғасы тарихшылар мен әдебиетшілердің, Абай өмірбаянын зерттеушілердің назарын өзіне аударуда. Конференция материалдары Құнанбай бейнесін жан-жақты ашып, оның кісілік келбеті мен адами парасатын көрсете отырып, қоғам қайраткері дәрежесіне көтерген.
Кітаптың сандық нұсқасын «Біздің Абай» электронды кітапханасынан таба аласыздар.
24 қаңтар - Катонқарағай ауданының тумасы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, С. Аманжолов атын. ШҚМУ-нің Құрметті профессоры, жазушы Әлібек Асқаровтың туғанына 65 жыл (1951). http://imena.pushkinlibrary.kz/kz/a-yn-zhazushylar/86-as-arov.html
2009 жылдың 25 қарашасы ... белгілі режиссер, ақын, актер, шығыстың маңдайына біткен арда ұлы - Рүстем Есдәулеттің өмірден өткен күні.
Достар!
Сіздердің назарларыңызға Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбегін ұсынамыз. Күнтізбеде Шығыс Қазақстаннан шыққан ақын-жазушылардың, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, ғалымдар мен спорт саңлақтарының, сонымен қатар біздің өлкемізге қатысты маңызды тарихи оқиғаларға байланысты мерейтойлар көрсетілген.
Сіздерден ұсыныстар мен толықтырулар күтеміз!
Толық ақпарат мұнда.
spravka@pushkinlibrary.kz! - Эл.поштасына жазыңыз!
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын-демократ Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Біздің Абай» электрондық кітапханасы жобасын жүзеге асыруда.
Алматының «Дәстүр» баспасынан шыққан Шығыс Қазақстан жас ақындарының «Алтай айшықтары» атты жаңа жыр жинағымен таныс болыңыздар.