Биыл Аягөз ауданының тумасы, журналист, жазушы – Қайым-Мұнар Табеевтің туғанына 60 жыл толды.
Ұлы Жеңістің мерекесі қарсаңында Пушкин кітапханасында ҚР ІІМ арнайы күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен Ұлы Отан соғысының ардагері Белорус партизан қозғалысының қатысушысы, бригада комиссарының орынбасары болған партизан –жазушы Тоқтағали Жангельдинді еске алу кеші өтті.
Даңқты жерлесіміз, Белоруссия жеріндегі партизандық қозғалыстың белсенді мүшесі, соғыс кезінде Борисов ауданының жасырын комсомол ұйымының бірінші хатшысы, кейін жазушы болған Тоқтағали Жангелдиннің туғанына биыл 100 жыл толмақ. Осыған орай А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «»Отты жылдар елесі: партизандық сонар» атты мәдени шара өткізіледі.
30 сәуір - сыншы, әдебиеттанушы, драматург Сұлтан Оразалиннің туғанына 75 жыл (1941).
27 сәуір - «Казахстанская правда», «Рудный Алтай»газеттерінің, «Абай» журналының фотокорреспонденті, Қазақстан, КСРО журналистер одағының мүшесі Владислав Владимирович Павлуниннің туғанына 70 жыл. (1946-2002).
24 сәуір жазушы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 80 жыл.(1936).
21 сәуір «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшесі, журналист, жазушы, М, Ломоносов атындағы ММУ-нің деканы (1952-1964) болған Евгений Лазаревич Худяковтың туғанына 115 жыл.
20 сәуір - Барлық-Арасан курортының ашылғанына 80 жыл (1936).