1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды.
6 қазанда А.С. Пушкин кітапханасының қызметкерлері Өскемен қалалық әділет басқармасы АММ-не «Еркін елдің кемел тұлғалары» атты кітап көрмесімен барып қайтты. Басқарма қызметкерлері тәуелсіз Қазақстанның тарихымен, оны әлемге танытқан танымал тұлғалар өмірімен танысты.
Шығыс Қазақстан тек қазба байлықтары, кен орындарымен ғана емес, бай тарихымен, мәдени –сауық орталықтарымен мақтана алады. Назарларыңызға міндетті түрде көруге тұрарлық Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орнын ұсынамыз
Катонқарағай ауданының Еңбек ауылының тумасы Майра Қабимолдина апайымыз «Оралған қараторғайым» атты кітабын Шығыс Қазақстан облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапханаға сыйға тартты.
Өткен сенбіде кітапхана қызметкерлері «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты дәстүрлі халықаралық форумның жұмысына қатысып қайтты.
«Бір ел – бір кітап» акциясы:
Ақын Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабын ел болып оқиық!
Жылдағы дәстүр бойынша "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясының ұйымдастыру комитеті 2016 жылғы кезекті жыл кітабы деп Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" кітабы таңдады. Сөйтіп, еліміздің белгілі ғалымдары мен ақын-жазушылары, облыс кітапханаларының басшылары қатысқан отырыста жабық дауыс нәтижесі бойынша зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз – Дулат Бабатайұлының шығармалары жыл бойы оқылатын болды.
Биыл Аягөз ауданының тумасы, журналист, жазушы – Қайым-Мұнар Табеевтің туғанына 60 жыл толды.
Ұлы Жеңістің мерекесі қарсаңында Пушкин кітапханасында ҚР ІІМ арнайы күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен Ұлы Отан соғысының ардагері Белорус партизан қозғалысының қатысушысы, бригада комиссарының орынбасары болған партизан –жазушы Тоқтағали Жангельдинді еске алу кеші өтті.