Қаңтар
Ұлан ауданының орталығына Қ. Қайсенов есімі берілді.
Дидар. – 2012. – 11 қаңтар. – Б. 1. (Басылым)
Согра кентінде полиция бөлімшесі ашылды.
Дидар. – 2012. – 18 қаңтар. – Б. 3. (Басылым)
Өскеменде жасанды мұз айдыны бар заманауи хоккей модулі ашылды.
Дидар. – 2012. – 23 қаңтар. – Б. 1-2. (Басылым)
Ақпан
Өскемен қаласындағы өнер колледжінде ағайынды Абдуллиндердің мұражайы ашылды.
Дидар. – 2012. – 22 ақпан. – Б. 5. (Басылым)
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев елімізде алғаш рет есептік кездесуін ЛЭД-панелдер мен «ОТАU TV» сандық-спутниктік телеарнасы арқылы тікелей эфирде өткізді.
Дидар. – 2012. – 27 ақпан. – Б. 1-2. (Басылым)
Наурыз
Өскеменде де Метро ашылды. «METRO Қазақстан» тауар жеткізу тізбегі арқылы өз тұтынушыларына арзан және сапалы қызмет көрсетпек.
Дидар. – 2012. – 16 наурыз. – Б. 4. (Басылым)
Шығыста «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымының өкілдері бас қосып, ауқымды ғылыми тәжірибелік конференция өткізді.
Дидар. – 2012. – 19 наурыз. – Б.1-2. (Басылым)
Ағайынды Абдуллиндерге арналған өнер кеші өтті.
Дидар. – 2012. – 23 наурыз. – Б. (Басылым)
Сәуір
Облысымызға Корея Республикасының Кангвон провинциясынан бір топ дәрігерлер келді.
Дидар. – 2012. – 18 сәуір. – Б. 1-2. (Басылым)
Сенат депутаты Сергей Плотников іс сапарымен Зайсанда болды.
Дидар. – 2012. – 20 сәуір. – Б. 2. (Басылым)
Ұлттық кітапхана Шығыстың жауһар туындыларымен толықты («Алтай-Ертіс кітапханасы» шығысқазақстандықтардың 20 томдық жаңа кітабымен толықты).
Дидар. – 2012. – 25 сәуір. – Б. 2. (Басылым)
Үгіт пойызы келді. (Еліміздің Қарулы Күштерінің құрылуына 20 жыл толуына орай Елбасы – ҚР Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен үгіт-насихат пойызы облыстарға жол тартқан еді, сол біздің Облысқада келіп жетті.)
Дидар. – 2012. – 29 сәуір. – Б. 1. (Басылым)
Мамыр
Өскеменде Достықтың символы орнатылды. «Достық» стелласының салтанатты ашылуы болды.
Дидар. – 2012. – 2 мамыр. – Б. 1-2. (Басылым)
Шығыстан шыққан тың бастама (Шығыс Қазақстан облысының тың бастамасы – «Достықтың жол картасы» аясында достық автокеруені жалғасын табуда).
Дидар. – 2012. – 7 мамыр. – Б. 1-2. (Басылым)
«Библиотүн» бұрын болмаған шара. Алғаш рет Облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапханада «Библиотүн» атты игі шара өтті.
Дидар. – 2012. - 14 мамыр. – Б. 1. (Басылым)
Өскемендегі «Ана мен бала орталығында» «Ғашықтар стелласы» бой көтерді.
Дидар. – 2012. – 14 мамыр. – Б. 5. (Басылым)
Израиль дәрігерлері Өскеменде тегін операция жасайды.
Дидар. - 2012. – 18 мамыр. – Б. 3. (Басылым)
Өскемендегі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 9 корпусында Ресей ғылыми мен мәдениетінің орталығы ашылды.
Дидар. – 2012. - 21 мамыр. – Б. 3. (Басылым)
Облыс әкімінің Интернет-порталы жаңарды.
Дидар. – 2012. - 28 мамыр. – Б. 1.(Басылым)
Маусым
Облыс орталығында қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай ашылды.
Дидар. – 2012. – 1 маусым. – Б. 2. (Басылым)
Өскемен қаласындағы № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығында «Далог» бейнеөтініш беру орталығы өз жұмысын бастады.
Дидар. – 2012. – 1 маусым. – Б. 2. (Басылым)
«Халық ІРО» бағдарламасының тұсаукесері болып өтті.
Дидар. – 2012. – 1 маусым. – Б. 4. (Басылым)
Ольга Рыпакова – «Гауһар лига» жеңімпазы.
Дидар. – 2012. – 13 маусым. – Б. 1. (Басылым)
Өскеменде «Алтын белгі» атағына лайықтылығын дәлелдеген қала мектептері түлектерінің «Даңқ аллеясы» ашылды.
Дидар. – 2012. – 22 маусым. – Б. 2. (Басылым)
Қазақстан Республикасының Президенті Шығысқа ресми сапармен келді.
Дидар. – 2012. – 25 маусым. – Б. 1-2. (Басылым)
Шілде
Облыс орталығында жастарға арналған мемлекеттік мекеме ашылды. («Жастар бастамаларын дамыту орталығы»)
Дидар. - 2012. - 14 шілде. - Б.1-2. (Басылым)
Тамыз
Ольга Рыпакова Лондон Олимпиадасының чемпионы атанды.
Дидар. - 2012. - 7 тамыз. - Б.1,4. (Басылым)
Олимпиада жеңімпаздары Өскеменге келді.
Дидар. - 2012. - 21 тамыз. - Б. 2. (Басылым)
Чемпиондар Шығыс жұртын шаттандырып қайтты.
Дидар. - 2012. - 23 тамыз. - Б. (Басылым)
Өскеменде өзге өңірлерде жоқ жаңа мешіт бой көтерді.
Дидар. - 2012. - 23 тамыз. - Б.1, 2-3. (Басылым)
Арабтар Алтайға қызығушылық танытты.
Дидар. - 2012. - 23 тамыз. - Б. (Басылым)
Қыркүйек
Өскеменде Отандық «24 KZ» телеарнасы іске қосылды.
Дидар. - 2012. - 4 қыркүйек. - Б.2. (Басылым)
Шәмшінің әндері Шығыста шырқалып жатыр. (Өскеменде Шәмші Қалдаяқов атындағы ІІІ Халықаралық «Менің Қазақстаным» атты фестивалі өтуде.)
Дидар. - 2012. - 20 қыркүйек. - Б.12. (Басылым)
«Қазақстан барысында» қос балуанымыз жүлдегер атанды
Дидар. - 2012. - 25 қыркүйек. - Б. (Басылым)
Екі жақты байланыс беки түседі. ( Облыс әкімі Шыңжан-Ұйғыр автономиясының бірінші хатшысын қабылдады).
Дидар. - 2012. - 27 қыркүйек. - Б. 1. (Басылым)
Қазан
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Норвегия Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Оле Иохан Бёрнойды қабылдады.
Дидар. - 2012. - 11 қазан. - Б. 1. (Басылым)
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университет 60 -қа толды.
Дидар. - 2012. - 11 қазан. - Б. 2,4. (Басылым)
Қараша
Өскемендегі А.С.Пушкин атындағы кітапханада Облыстық кітапханашылар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Заманауи кітапханалардың ақпараттық қызметі» атты Облыстық семинар өтті.
Дидар. - 2012. - 3 қараша. - Б. 5. (Басылым)
Желтоқсан
Асанәлі Әшімов туралы фильмнің тұсауы тұңғыш рет Шығыс Қазақстан жұртшылығының көз алдында кесілді.
Дидар. - 2012. - 11 желтоқсан. - Б. 1,2. (Басылым)