kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

TorkyzМаржан-Марқакөлдің Алтай төрінде 1500 метр биіктікте табиғаты көркем, биік таулардың қойнауында орналасқаны белгілі. Көлдің шығыс жағасында Ұранқай ауылы жатыр.

Ұранқай дегенде, есімізге Марқакөл - теректілік Гүлзипа деген апамыздың бір әңгімесі түседі: «Жазда Алтайға көшкенде жолда орыстардың ауылын басып өтеміз, - деуші еді ол кісі. - Бізді түйенің үстіне сандыққа отырғызып қояды. Шешеміз: «Ойбай, шошқаға түкіріңдер, қарамаңдар», - деп бетімізді жауып тастайды. Қытайдың ішінде ұранқай деген тайпа бар екен. Солар келіп, көлдің жағасына орналасыпты дейтін. Өздері бұзақы көрінеді. Кір жумайтын, шаштары ұзын, еркектерінің басында ұзын айдары болады екен. Елдің жақсы аттарын ұрлап, малшыларды сабап, төбелес ашып жүреді. Әйелдерінің қарғысынан ел зәредей болатын...».

Міне, сол Ұранқайдың солтүстігіне қарай көлді қоршаған көп таулардың ішінен дараланып тұрған, басы үшкірлене біткен бір биік құз бар. Көл үстінде бұлт үйіріле қалса, айналып осы құзға қарай қашады. Құз басында іркілсе болды, көп ұзамай жаңбыр немесе қар жауа кетеді. Сонысына бола жергілікті халық оны «Самовар» деп атап кеткен. Сөйтсек, көне карталарда оның ежелгі атауы Төрқұз екені қанық көрсетілген. Айтпақшы, Ақжайлау мен Ұранқай арасындағы жарты жолда биік асу бар. Оны тағы да орысшалап баяғыдан «Уранхайское седло» деп атаушы еді. Қолымызға іліккен 40-шы жылдардағы ескі картада ол асуды ап-анық етіп «Тікқабақ» деп жазып қойыпты. Қалайша тауып айтылған атау деңіз!

Марқакөлдің патриоты, доғарыстағы полиция полковнигі Бақытбек Жаманбаев Өскеменнен ай сайын, тіпті, кейде апта аралатып төрт жүз шақырым жердегі көлге жиі барып тұрады.

Көлге барған сайын осы алыстан мұнартып көрінетін Төрқұз басына бір шығып көрсем деп ойлаушы еді. Ең қызығы, ауылдағы жергілікті тұрғындардан сұрастырып көрсе, ешқайсысы Төрқұзға көтеріліп көрмеген. Бәрі ат аяғы жетер жерге дейін барып, орта жолдан қайтып кетеді екен. Бұл жәйт Бәкеңді одан әрі қызықтырып, биыл құз басына қайтсем де шығамын деп, қатты бекінді.

Соның сәті 2020 жылдың тамыз айының 30-ы күні түсті. Жергілікті орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің басшысы Ермек Бағланұлымен және жердің ой-қырын жақсы білетін «Марқакөл» мемлекеттік қорығының аға инспекторы Болысов Балуанбекпен күнібұрын уағдаласып, аттарды дярлап, таңғы сағат жетіде ауылдан тауды бетке алып шығып кетісті.

Torkyz MТөрқұз жақын болып көрінгенімен, талай тау мен аңғардың арғы жағында, 30-35 шақырымдай қашықтықта жатыр. Жолы ойлы-қырлы, көлденең жатқын бірнеше тау өзенін де кешіп өтті. Марқаның орманы бай ғой шіркін: қызыл қарағай, самырсын, шырша, балқарағайдың бәрі бар. Құзға жеткенше алдыдан түлкі, елік дейсің бе, тіпті қонжығын ерткен аю да кездесті. Суыр да әлі жатпаған екен. Таудан сарқырап аққан асау өзендердің гүрілі де керемет. Аю кезіккен тауда бір үзіліс жасап, он-он бес минут ауқаттанып алысты.

Тау етегіндегі Жаман Қаба өзенінің бір айрығынан өтіп, ат шыға алатын жерге дейін көтерілді. Тура талтүсте діттеген жерге де жетті. Ермектің ұялы телефоны спутниктік байланыс арқылы қай жерде, қандай биіктікте келе жатқандарын дәл көрсетіп тұрды.

Бақытбек бұған дейін басқа тауларға да шығып жүргендіктен, байқағаны - 2300-2400 метр биіктікте қарағайлардың өздері аласаланып, сиректеніп барып жоғалады екен. Өсімдіктер де өзгеше, тарбақ болып кетеді. Таудың бел ортасына дейін көтеріліп, кесек қиыршық тас басталған жерде, биіктік теңіз деңгейінен 2460 метрді көрсетті. Жігіттер ары қарай аттарды тастап, жаяу көтерілді.

Алтайдың орта белдеуі болса, тау-шоқыдан тараған соқпақ-сүрлеу сан тарапқа жосыла жүгірер еді. Ондай сүрлеу мұнда атымен жоқ. Өйткені, адам аяғы тимеген!

Бір тастан бір тасқа секіріп, көбіне біресе оңға, біресе солға ирелеңдей жүріп, арасында ентігіп қалып, дем басып, көтерілгенше үш сағат өтті. Үшеуі де тауда өскен қарулы жігіттер десе де, біраз қиналуға тура келді.

Алтайдың маңайдағы биік тауларының көбі төменде қалды. Алыстан Марқакөл де көкпеңбек болып көрініп тұрды. Бұлар жеткен биікке бұрындары біреулер шығып, тастан белгі қойып кетіпті. Жігіттер де дәл солай, құздың қиыршық тасынан белгі жиды. Биіктік - 3030 метр! Қол созсаң – бұлтқа тиердей.

Torkuz markakolБір кереметі - таудың ең биігіне жақындағанда шаршағаныңды ұмытып кетеді екенсің. Таудың қуаты, қасиеті бөлек қой, шіркін! Қарама-қарсысында да осындай биік Ақсубас деген құзды тау бар екен, оның биік баурайында екі жасыл, бір көгілдір түсті ерекше әдемі көлшіктер жатыр. Құз түбіндегі терең сайда биіктен қарағанда бейне ақ лента сияқты болып ирелеңдеп Қара Қаба ақкөбіктене ағып жатты. Алтай тауларының ерекше күш-жігер беретін әсерін бірден тілмен жеткізіп айту мүмкін емес!

Құздың батыс жағында тағы да осындай биік шыңдар қаздиып тұр. Солтүстік тұста төменде Қатонқарағайға асып түсетін Тарбағатай асуындағы Ирек аталатын жол, - австриялық тұтқындар қолмен қашап салған асу, - жатыр. Оның ар жағында мұнартып Алтайдың ең биігі - Мұзтау көзге шалынды. Бірақ Мұзтаудың басын бұлт торлап жатқандықтан, төменгі жағы ғана көрінді. Айналаның бәрі таулы-құзды сұлу табиғат.

Үш азамат шоқтығына жел жетпей, көк мұнармен көмкерілген шыңның ығында тұрып маңайды шолды. Неткен ғажап табиғат! Неткен сұлулық!

Жігіттер Төрқұз басында белгі қалдырған соң, табиғаттың осындай төресін мыңдаған жылдар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап-сақтап ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдырып келген ата-бабалардың аруағына АЛЛА деп қол жайып, құран бағыштады.

Ежелгі ата-бабаларымыз - сақтар, ғұндар, түркілердің де атамекені болған қасиетті де киелі Алтай!!! Тарихтың тәлкегімен бөлшектеніп, бір жағы көршілес Ресей, Қытай, Моңғол мемлекеттерінің еншісіне де өтіп кеттің-ау, сен...

Осыны ойлап тұрып, үшеуі мұндай керемет байлықты қорғап, келесі ұрпаққа аман жеткізудің аманат екенін, бұл аманаттың қаншалықты маңызды екенін ерекше түйсінді. Көңілді қатты алаңдатқаны - осындай табиғи ресурстарға бай сұлу өлкенің құлазып, елсіз жатқаны...

Ойларына еріксіз соңғы кезде Алтайдың Марқакөл өңіріне қаптап келіп жатқан көлденең көк атты алтын қазғыштардың өзен бойларын, тау аңғарларын өздері біліп, қазба байлықты ауыр техникасымен қопарып, астан-кестеңін шығарып жатқаны келді. Бүгінде Алтайдың Марқа өңірінде ғана сегіз компания қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр деседі.

Бұдан екі жыл бұрын Қалжыр өзенінің бойында “Cana stroi» деген серіктестіктің атынан ауыр техниканы қаптатып, жер қойнауының астан-кестеңін шығарып қазып жатқан бес қытай азаматы ұсталған. Сот серіктестіктің іс-әрекетін заңсыз деп тауып, айыппұл салды. Бірақ солар қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Жергілікті халық алматылық тағы бір кәсіпорынның Алтай қойнауындағы «Тасқайнатты», Марқакөлдің ең түкпіріндегі, Қытаймен шекаралас Шанағаты маңын, Қалжырдың бойындағы «Қаршыға» телімін де аямай қазып жатқанын күйзеліспен айтады. Бірақ заң органдарының оларға шамалары келмейді дейді...

«Ана Алтайдың аржағынан ақжал атым арқанын, Соза тартты ойнақтатып бойындағы бар қанын» демекші, Ақ Қаба, Қара Қаба, Арасан Қаба, Жаман Қаба, Нарын Қаба, Білезік, Алқабек, Теректі, Сарқырама, Ақбұлақ, Ашылы сияқты суы балдай тәтті тау өзендері сарқырай тасып, асау Қалжыр арқырай ағатын киелі Алтай төсін осылай аяусыз тілгілеген оспадарлардың қылығына тоқтау бола ма?

Үш жігіт  тау басынан ерекше рухтанып та, ел болашағына елеңдеп те, көп ойға батып оралды.

Қалаға көшкен өзге көпшілікпен өкшесі бірге көтеріліп, қарасы сиреп қалған қаймана ел болса, күнделікті күйбің тіршіліктерінен аса алмай, бейғам жатыр...

Sailau Toleuov

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений