Шаруашылықтық нарықтық принциптері ауыртпалығын бастан кешіре отырып, Өскемен қаласы бүгінгі күні – Қазақстан Республикасының басты өнеркәсіп, энергетика, көлік және мәдениет орталықтарының біріне айналды. Тұрғындар саны – 300 000-нан асады.
Қала өнеркәсібіне түсті металлургия, машина жасау, металл өңдеу, құрал шығару, автокөлік, тағамдық және ағаш өңдеу кәсіпорындары жатады. Олардың ішінде ең ірілері – «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Казцинк» ЖШС құрамына кіретін «Өскемен металлургиялық кешені», «Шығысмашзауыт» ААҚ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ құрамындағы Қазақстан Республикасының Халық Банкінің Қазақстандық монета жасау сарайы – елдегі металлдан мемлекеттік сыйлықтар, пруф сапалы мерейтой монеталарын жасайтын жалғыз орын.
4 университет жоғары білікті мамандар даярлауда, олардың бастылары: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті.
Қалада үш мұражай қызмет істеуде: тарихи-өлкетану, этнографиялық, өнер; филармония, қазақ және орыс труппалы облыстық Жамбыл атындағы театр, кітапханалар қызмет көрсетуде.
Қаланың көрнекті орындары: «Жастар» саябағы; «Жеңіс» мемориалды кешені; 2010 ж. 9 мамырда Ертістің Сол жақ жағалауындағы экологиялық саябағы маңында әскери-тарихи кешен ашылды.
Қала келешекке оптимистік көзқараспен қарауда: жаңа тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары салынып, саябақтар мен гүл егу орындары жанданып, ескерткіштер мен сәулет құрылысы барынша дамуда.