kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

XX ғасырдағы Өскемен

Жиырмасыншы ғасырдың басында Өскеменде үкіметке қарсы әдебиеттер, үндеу қағаздары етек алды. Саяси жер аударылғандар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кезінде саяси жер аударылған Орест Костюриннің 1905 ж. 17 қазанда жарияланған Манифестінен кейін, Халық Үйінде үздіксіз оқу қолға алынды. 1905-1908 жж. өскемендік пошташылар, телеграфистер т.б. ереуілге шықты.

1914 ж. тамыз айында дүниежүзілік соғыс басталып, ерлердің көпшілік бөлігі майданға жөнелді.. Азық-түліктің қымбаттауы, ауыр материалдық жағдай салдарынан Өскемен қаласында 1916 ж. 18 қаңтарда әйелдер ереуілге шығып, бірақ 3 күннен соң басып тасталды. 1916 ж. тылдағы жұмысқа бұратана халықты алу туралы Жарлық - ұлт-азаттық көтеріліске әкеліп соқты. Өскемен уезінде көтерілісшілер саны -3000-ға жетті. Қалаға Ақпан революциясы және самодержавиені құлату жайында хабар тек 1917 жылы 3 наурызда жетті. Өскеменде еркіндікке шақырып, соғысты тоқтатуға үндейтін митингілер жүргізілді. 1917 жылы қазан-қарашада большевиктік ұйым құрылды. Оның басында совдеп -Яков Ушанов болды. 1918 жылы 14 наурызда қалалық дума таратылды. 31 наурызда уездік совдеп сайланып, оның төрағасы Я.Ушанов болды. Совдеп 97 күн ғана өмір сүрді, дегенмен осы уақыт аралығында біршама шаруашылық мәселелер шешілді: Үлбі арқылы өткізетін паром, қоғамдық ғимараттарды жөндеу, электростанция салу, қаланы көркейту жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, Қызыл гвардия, Жастар кеңесі, жаңа мектептер ашылды. 1918 жылы 18 маусымда Кеңес үкіметі құлатылып, совдеп мүшелері қамауға алынып, жазаланды.

Қызыл Армия және Брезовскі отряды партизандары бөлімімен 1919 ж. 10 желтоқсанда Өскемен қаласы ақгвардияшылардан азат етілді. 1919 ж. 22 желтоқсанда ревком өз қызметін бастады. Халыққа білім беру бөлімінің басында әйгілі жазушы, «Малахитовая шкатулка» еңбегінің авторы Павел Петрович Бажов болды. Оның редакциясымен қалада «Известия Усть-Каменогорского ревкома» және «Советская власть» газеттері жарық көрді. Бажовпен бірге болашақ жазушы Александр Мелентьевич Волков бірге жұмыс істеді.· ··
 
20 жылдары Өскеменде кірпіш зауыты, дәріханалар, ауруханалар, су құбыры, Воровский атындағы педагогикалық техникум ашылды, халық театрының қазақ және орыс топтары алғаш спектакльдерін көрсетті. Әйгілі жазушы Н. И. Ановтың басшылығымен «Алтай Звеносы» әдеби бірлестігі өз· жұмысын бастады. 1923 ж. «Охотник Алтая» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Оның редакторы болашақ жазушы - Ефим Николаевич Пермитин еді.
 
30- жылдары облыстың келешек қуатты энергетикалық базасының негізі қаланып, Рубцовка-Риддер теміржолы салынды, Шығыс жолдары, жаңа фабрика мен зауыттар салу арқылы түсті металлургияның дамуы қолға алынды.
·

1939 ж. Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығы мәртебесін алды.

1941 ж. 22 маусымда гитлер әскерінің баса көктеп кіруі бейбіт құрылыс жоспарына нұқсан келтірді. Ұлы Отан соғысы басталды. 1941 ж. күзінде Өскемен қаласына КСРО-ң түкпір-түкпірінен эвакуацияланған кәсіпорындар мен мекемелер келе бастады. 1942 ж. Орджоникидзеден эвакуацияланған «Электроцинк» зауытының демонтаждалған жабдықтар базасында, болашақ Өскемен ҚМК түсті металлургия флагманы (бүгінгі – ЖШС «Казцинк» Өскемен металлургиялық кешені) мырыш электролит зауыты салына бастады. Өскемен Су электро станциясының құрылысы жалғасын тапты. Өндірісте көбінде әйелдер мен жеткіншектер жұмыс істеді. Олар «Бәрі де майдан және жеңіс үшін» ұранымен жанкешті еңбек етті.
 
Соғыстан кейінгі жылдары қала өнеркәсібі барынша дамыды. 1947 ж. Өскемен мырыш зауыты (ҚМК) алғаш металл құймасын шығарып, Өскемен ЖЭО (ТЭЦ) іске қосылды. 1949 ж. Үлбі металлургиялық зауыты алғаш өнім берді. 1952 ж. Өскемен қорғасын зауыты алғаш қорғасын шығарып, Өскемен Су электро станциясының бірінші агрегаты тоқ берді.
 
1958-1959 жж. Шығыс машина жасау зауыты мен конденсаторлық зауыт, 1961 ж. – құрал жасау зауыты, 1965 ж. – титан-магний комбинаты пайдаланымға берілді. 1958 ж. наурыздан Өскемен теледидар орталығы жүйелі бағдарламалар беріп, 1960 ж. трамвай пайдаланымға берілді.
 
1952 ж. алғаш жоғары оқу орны - Өскемен пединституты (С.Аманжолов атындағы ШҚМУ), 1958 ж. – құрылыс-жол институты (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ) ашылды. Қаланың сыртқы келбеті өзгерді – көпқабатты үйлер, Спорт, мәдениет сарайлары, көрікті жағалаулар, саябақтар пайда болды.· ··
20 ғ. 80-жылдары Өскемен қаласы Республикадағы ірі өнеркәсіп және мәдениет орталығына айналды.
1991 ж. Өскемен – тәуелсіз Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығы болып табылды.
М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений