Бекініс төрт жағынан жал-жал үйілген топырақпен бекітілді. Бекіністі айнала шұңқыр қазылып, үйілген топырақтың үстіне биіктігі адамның бойындай аула орнатылды. Кейінірек бекініске жеке мұнаралы шағын ағаш шіркеу салынды.
1720 ж. Өскемен бекінісінің гарнизоны 363 адамнан құралды. Офицерлер мен сарбаздар балық аулап, саятшылықпен шұғылданды. Бірақ, бір ғана кемшілік - Тобылдан әкелінетін нан жетіспеді. 1745 ж. гарнизон офицерлері егін салып, біршама өнім алды.
1746 ж. ертістік бекіністер негізінде қазыналық жер жырту жұмысы енгізілді. Осылайша, Өскеменде егін шаруашылығы қолға алынды. Өскемен бекінісінің тұрғындар саны өте баяу өсті, бұл сібір казактарын тіркегеннен соң, жұмыстан босатылған шендер, ерікті-шаруалар, жер аударылғандар есебінен толды. 50-80 жж. бекініс маңына Бердск, Чаусскі, белоярскі слободасы, Ішім, Ялуторовскі, Тарскі уезі, Тобыл аймағының шаруалары қоныстанды. Осы кезден бастап мал шаруашылығы мен қолөнер дами бастады.
1765 ж. бекініс маңына «ташкенттік, бұқарлық, қырғыздық», Сібір мен Орталық Ресейдің келуші көпестеріне арналған айырбас сарайы салынды.
1765 ж. 20 маусымда Өскемен бекінісі жауыз өрттің қармағында қалды.
1772 ж. маусымында бекіністе жаңа ағаштан жасалған шіркеу салынып, 1774 ж. бастап қызмет көрсете бастады.
1786 ж. Иркутскі драгундық полкінің полковнигі Н.Н. Аршеневский, Өскемен қаласына аралар ұясын әкелді. Осыдан бастап округте ара шаруашылығы кеңінен тарады. XVIII ғасырда Риддер және Зырян кен орындары ашылған соң, Өскемен бекінісі байланыс базасына айналды. Ол арқылы кен алтай зауыттарына көлік, су жолдарымен жеткізілді.