Әбенов, Ш. Шыңғыстау [Мәтін] : толғау-термелер, өлең-дастандар, аңыздар, мысалдар мен әңгімелер / Ш. Әбенов; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. - Астана : Фолиант, 2011. - 504 б. - (Алтай-Ертіс кітапханасы).
Абай ауданы Шыңғыстау жері бұл күнге әлі де сырға толы тарихи деректер мен аңыз әңгімелерге бай мекен. Қазақ жұртының кім екендігін мәңгілікке танытып кеткен Ұлылардың кіндік қаны тамған – Шыңғыстау жері туралы Асан қайғы Сыр бойын аралап жүргенінде үш бұрылып артына қарап «Суы мен топырағы киелі жер, бұл жерден атағы зор ұрпақ туады» – деген сөзі бүгінде ақиқатқа айналды. Сол зор ұрпақтың бірі –халық ақыны Шәкір Әбенов. Көкірегі көне, шежіре мен тарих көмбесіндей Шәкір ақынның толғау- термелері, өлең дастандары, мысал-аңыздары туған жер тарихынан сыр шертеді.