kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Қ. Алтыбаев«Өнер алды – қызыл тіл» деп тілдің құдіретін ерекше бағалайтын халқымыз ақыны мен шешенін, дуалы ауызымен ұлттық, елдік мәселелерді шешкен көсемдерін қашанда ардақ тұтқан. Сөз өнері – жүректі толқытып, ақылды таразылап, тіл қисынын қиюластырып, ойды бояуын қандыра өрнектеп жеткізетін ұлы өнер. От тілді, орақ ауызды данышпан бабаларымыз өнердің осы түріне ерекше ден қойып, ауыз әдебиетінің сан алуан түрлерімен келешек ұрпаққа терең тәрбие беріп, тектілік тізгінін ұстатты. Сондықтан да біздер үшін бұл өнердің қасиеті тым ерекше. Қазақтың ауыз әдебиетінде көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімдейтін жанрдың бірі - жұмбақ. Жұмбақ дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар болғандықтан Аристотель «Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора» деп анықтама берген. Қазақ халқы жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп бағалаған. Сондықтан жар таңдаған жастар, ақындар, ел ішіндегі шешен, би, данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, білім-таным салыстырған. Бағзы дәуірлерде айналадағы өктем күштерден сақтанғандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен.
Жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен төркіндес болса, кейінгі даму барысында түрленіп түрлі сөзжұмбақтар мен сөзтізбелерге ұласты. Адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылысты тұспалдап сипаттайтын шағын әдеби жанр сөз өнерінде сиреп, жеңіл-желпі, мән-мағынасыз ойын түрлеріне айналғаны өкінішті. Құралуы өте ұқыптылықты, жан-жақты білімділік пен сауаттылықты талап ететін бұл өнер қазақ әдебиетінде күні бүгінге дейін тасада қалып келеді. Алғашқы сөзжұмбақты Нью-Йоркқа қоныс аударған журналист Артур Уинн 32 сөзден құрап, 1913 жылы «Нью-Йорк уорлд» газетіне жіберген екен.Уиннің өнертабысы неліктен екені белгісіз әйтеуір отандастарына ұнамапты. Сөз өнері саласында назардан тыс қалып келе жатқан күрделі жанр газет- журналдың құнды дәуірінде де тек соңғы беттерінде, жарияланумен ғана шектелетін. Кәзіргі таңда Сөзжұмбақ, сөзтізбе, тізбе сөз, сансөз дегендер жеке басылымдарда ғана жарық көреді. Ауыз әдебиетінің жауһары жұмбақтар мен жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді тек бала бақша мен бастауыш сынып оқушыларына ғана арналған деп ұғатындар сөзжұмбақтың сырын түсіне алмай келеміз.
Осындай күрделі сөз өнері саласын сонау 1950-ші жылдардың аяғынан бастап, көк шолаққа мініп, қой ізін шаңдатқан бала күнінен-ақ сөзжұмбақ құрастырып аудандық, ауылдық газеттерге шығарып елге танылған Зайсандық Қалибек Алтыбаев бұл күнде сексеннің сеңгіріне шығыпты. Жасынан Сауыр тауының етегінде қой бағып, әдебиеттің түр-түрін оқыған сирек сөзжұмбақшы өз өлкесінде мәдени, саяси қызметтер атқара жүріп, өлеке танып, шежіре меңгерді. Жасаған сөзжұмбақтары бір кітап болып жинақталғанда Алматыдағы жоғары лауазымды бір жолдасына апарыпты. «Сенің Абай тақырыбындағы сызбаңды мұнда ешкім тыңдамайды. Ол үшін мықты бір Абайтанушы пікір жазу керек» деп қайтарған екен. Сол жолдасының кеңесімен Семейдегі Абай музейінің директоры Төкен Ибрагимовке жолығуға сәті түсіпті. Бұл 1995 жылдар болатын. Ұлы ақынның 150 жылдығына дайындалып жатқан тұста Төкен аға бәрімізді жинап: «Абай шығармашылығы мен өмірінен сөзжұмбақ құрап бір кітап жинақтаған Қалибек Алтыбаев деген мықты бар. Осында әдеби-кездесу кеші өтеді. Ғажап адам» деп таныстырған. Қалибек ағаны содан бастап жақсы білдім. «Сөзжұмбақ», «Тізбе сөз», «Сан сөз», «Матау сөз» оқып жүремін. Әрқайсысы бір кітаптің жүгін көтеріп тұрған шимайлы, тік, көлденең, бұрыштама сөздер мен сан сөздерді жаңылмай құрап шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтін ғажап өнер. Әртүрлі жолдармен құралған дайын сөзжұмбақтар мен матау сөздерді шешудің өзі оңай емес. Кейбірінің жауабын табу үшін сол тақырыптағы кітаптарды қарайсың, ізденесің. Кейде бірнеше күн сан соқтаға түсіп зорға аяқтайсың. Сонда Қалибек ағаның осынша сан сөздерді санасына сақтап, түрлі жолмен адаспай, айнытпай құрап шыққаны зор қабілет, есте сақтаудың мықты үлгісі.
Қазақтың қай ақынын алсақ та Абайға еліктемей, одан бағдар, нәр алмай өтпеген. Барынша сабырлы, төзімді, ақылды, ұқыпты, ана тілін жақсы меңгерген, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары Қалибек аға 30- ға тарта еңбектің авторы екен. Өкініштісі сирек сөзжұмбақшының бірде-бір жинағы мемлекеттік баспадан жарияланбапты.Қ. Алтыбаевтың кітабы
Жұмбақ – таным құралы, есте сақтау қабілетін шынықтырушы. Жасынан таң алакеуімнен бидайдың масағын тере жүріп, жартас жағалап, шың басына өрмелеп, қой, қозы бағып өскен Қалибек аға дала данышпандарының жұмбағын шеше жүріп, өмірдің жұмбағын ерте түсініп өсті. Сөз кестелеп машықтанған ол түрлі жағдайлардан нақыш болар өрнектер таба білді. Жұмбақ нысанасына айналған байламдар мен өмірдің барша құбылыстарын тақырып етіп тоқыды. Сөз кестесіне аспан әлемі, табиғат құбылыстары, жер, хайуанаттар, құстар, жәндіктер, адам, үй жабдықтары, киім-кешек, тамақ-сусын, ыдыс-аяқ, өнер, шаруашылық, іс-құралдары, жол, қатынас, техника, оқу-білім, ойын-сауық, ән-күй, уақыт, дін, т.б. бәрін өрнектеді.
Қалибек Алтыбаевтің сөз суреттерінің тілдік өрнектерінде әдебиет, мәдениет, халықтың тарихи-қоғамдық өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктерді танытатын, солардан туындаған нақыш-өрнектер, ауыстырулар өте мол. Ана тілін жаттықтыруға, сөзік қорды молайтуға ұйытқы танымдық тірек сөздер алуан түрлі. Олар сан-саналы табиғат құбылыстарына, тұрмыс пен шаруашылық, әдет-ғұрып, қоғамдық қатынастарға байланысты кестеленіп отырады.
Мәселен, Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сөзжұмбақтарда «Ұлы ақынның шығармалары», «ата-тегі», «өскен ортасы», «туысқандық айналасы», «ән мұрасы» «замандастары» т.б. төрт томдық «Абай жолы» романынан сүзіп алып, шағын тор көздерге орнын тауып сыйғыза білу аса шеберлікті қажет ететін тиянақты еңбек. Сөз кестелеудің ерекшелігі тек жұмбақтың жауабы ғана емес, онымен қатар мәтіннің есте сақталуына әсер етеді. Жұмбақтар ми шынықтыру, ойлау қабілетін арттыру, тіл үйренуде бірден-бір көмекші құрал. Әсіресе олар мектепке дейінгі балаларға тіл үйретуде, сұрақ қоя білуге, ойын жинақтап сөйлеуге өзекті сала. Қазіргі уақытта жұмбақ қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы нысаны ретінде зерттелуде. Сонымен бірге жұмбақтардағы дәстүрлі тақырыптардың арнасы оқу-білім, ғылым мен техника дамуына байланысты толығып келеді. Осы мақсатта Қалибек Алтыбаевтың еңбектері оқу орындары мен мектеп, балабақшаларда тиімді қолға алынса, біз көре алатын қоғам дамуының маңызды кезеңдерінің біріне айналар еді.
Ауыз әдебиетінің ежелден қалыптасқан танымдық үлгісі – жұмбақ жасырып және оның шешімін айту баланың ақыл-иесін дамытады, дұрыс сөйлеуге, ойын жинақтауға жаттықтырады. Әр нәрсенің себебін іздестіріп табуға үйретеді, баланың зейінін, ықыласын арттырады. Жұмбақтар құпиясы баланы қызықтырып, әсерлендіре түседі, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді. Баланың да, үлкеннің де ұшқыр ойын іске, әрекетке қарай баулиды. Ой санасының қызмет етуіне серпін береді.
Қалибек Алтыбаевтың әртүрлі тақырыптарда жасаған сөзжұмбақтарын оқу орындарында қолданып, түрлі ойын технологиясымен қатар жаңа лексикалық тақырыпты меңгертуде және жаттықтыру жұмыстарына қолданса ұлттық құндылыққа қосылған қомақты үлес болар еді. Қазақ тілін жетік білмейтіндер молайып тұрған заманда қазақ тілін үйретуде сөзжұмбақтарды қолданудың маңызы зор. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жинақтап, түрлі сөз кестелерін қолдану арқасында үйренген сөздер балалардың есінде қалып, жадында сақталады. Дүниетану қабілетін дамытып, тапқырлаққа баулиды. Әсіресе, көрнекі-бейнелі ойлауды қалыптастыруға, пайдалы, өнегелі ойын түрлеріне үлкен мүмкіндік туғызады. Балалардың заттар туралы ана тіліндегі білімін бекітеді, қазақтың ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығымен танысады, сөздің мағынасын дұрыс бірнеше тілде естеріне сақтайды. Мектеп балаларына тән қалыптасқан сөздік қор ерiксiз жадында қалады.
Қысқасы Қалибек Алтыбаевтың шеберлігімен құрылған танымдық сөзжұмбақтар заман талабына сай жас буынның ақыл-ойын дамытуға бағытталған асыл мұра.


Алмахан Мұхаметқалиқызы
Абайтанушы, ақын ҚР Жазушылар Одағының мүшесі

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений