kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

 

[Еліміз Тәуелсіздік алғаннан соң жер-ономастика комиссиясының шешімімен Ленинка ауылына «Сағыр» атауы берілді]


Сағыр ауылы...Қазақ ССР-і Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында 1924 жылға дейін Михайло-Архангельское атанып келген Ленинка селосы бар. Оның негізін тұрмыс күйлерін жақсарту мақсатымен 1898 жылы Симбирск губерниясынан қоныс аударған шаруалар қалады.
1898 жылдың 22 апрелінде жер өлшеуші Иванов межеші Г. Усыровқа төмендегі мазмұндағы қаулыны табыс етті:
«...Сізге осы жылдың аяғына дейін төмендегі меже жұмыстарын орындау жүктеледі:
Өскемен уезі Михайло-Архангельское селосына қарасты ауыл шаруашылығы участогін бөліп алу, селоның орнын анықтау, село салуға Сағыр және Ұранхай өзендерінің құйылысы ұсынылады».
Сағыр және Ұранхай өзендері құйылысының жол жақ жағалауында діни ұғыммен Михайло-Архангельское атанған жаңа селоның іргетасы міне, осылай қаланды. Оған Симбирск губерниясы Ордатов уезінің Медаевский болысынан (қазіргі Ульяновск облысы) және сол сияқты Пенза мен Астрахань губернияларынан қоныс аударушылар қоныстанды. Поселкеде 65 шаруа, 200-ге тарта тұрғындар болды.
Совет өкіметі кең байтақ Отанымыздың шет аймақтарында да орнап, ескіні қиратып, жаңаны құрып, ұлы өзгерістер енгізді. Ол Михайло-Архангельское селосына да өзгеріс енгізді. Жас Совет республикасы ауыр жағдайда шынығып, нығайды. 20-шы жылдарда Поволжье мен Орталық Қазақстандағы құрғақшылыққа байланысты Михайло-Архангельское селосына аштыққа ұшырағандар қоныстана бастады. Бұл кедей батырақтар қатарын көбейте түсті. Селоның ауқатты шаруалары осы тегін жұмыс қолдарын шамалы ақыға жалдап, өз шаруашылықтарын ұлғайтып, көтере берді.Сағыр мәдениет үйі
Әсіресе маусымдық жұмыстар басталған кезде ауқатты шаруалардың үйінің алдынан село кедейлері мен жаңадан қоныстанушыларды жиі көруге болатын еді. Адамдар күн көрісі үшін уақытша жұмыстарға жалданатын. Орташа шаруаларда жалдамалы еңбекті пайдалана бастады.
Жаңа экономикалық саясат жекеменшік капиталдың өсіп-өркендеуіне жол ашты. Мемлекет ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын кредитке босата бастады. Орташа шаруалардың бірқатары байып, кулактарға айналды.
Село кедейлері бұрынғыдай жоқшылықта өмір сүреді. Әсіресе, көп семьялы аулалардың халі тым ауыр болды. Олардың бірқатары Риддерге (қазіргі Лениногорск) қоныс аударып, жұмысшылар қатарына қосылды.
1924 жылдың январы селоға қайғылы хабар әкелді. Халықтың сүйікті көсемі В.И. Ленин қайтыс болды. Еліміз орны толмас қазаны басынан кешірді. Өздерінің бақытты болашақтарын оның есімімен тығыз байланыстырып қана қоймай, сонымен қатар село тұрғындары симбирскілік жерлестерін ерекше мақтан тұтатын. 1924 жылдың февраль айында шаруалар жиналысында селоны Ленинка деп атау бірауыздан ұйғарылды. Ол совхоз орталығы болды.
Жаңа советтік өмірге қадам басқан Ленинка селосы жылдан-жылға ұлғайып, көркейе берді.


Л. ДЕГТЯРЕВА
Дегтярева Л. Ленинка селосының тарихынан / Л. Дегтярева // Өркен. - 1977. - 26 ноябрь.- Б.2; 1 декабрь.- Б.2.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений