kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Bokei333…Тоқсан екiншi жылдың ба­сында жұмыссыз жүрдiм. Қы­рықтың қырқасына ендi шыққан адамға үйде отырып қалу қиын болады екен. Үйде отырсаң – үйге сыйың жоқ. Бала-шағаның ал­дын­да да беделiң қалмайды. «Мына кiсiнiң баратын жерi жоқ па?» деп мүсiркейтiндей.
Көзтүрткi болмайын деп, кө­шеге шығасың. Қалам ұстайтын кiсiнiң барар жерi белгiлi – Жазу­шылар одағы. Өзiң сияқты бере­кесi қашқанның бәрi бiр мезгiл одақта бас қосып, уақыт өткiзедi. Қолы бос адам өсек айтады, бiрiн-бiрi жамандайды. Әлемдiк әде­биет­тiң мәселелерiн шешедi. Одан қол босаса, «отыз екi қағаз, төрт сабаз» деген кәсiп бар. Яғни, Шәйiм Шаваев, Қайсар Жора­беков, Ғабиден Құлахметов, Қалаубек Тұрсынқұлов, Ескен Елубаев, Тынымбай Нұрмаған­бетов секiлдi iрiлi-ұсақты қалам­герлер преферанс ойнаймыз. Түннiң бiр уағына дейiн керiлдесiп жатамыз. Өзiң тұрғыластармен шарап iшу де бiр ғанибет. Тегiн арақ бар десең, түн ұйқысын төрт бөлiп, төсегiнен тұрып келетiн құр­дасым Тұрсын Жұртбаев секiл­дiлермен тоқайласа қалсаң, ауру­ханаға түскенше iшiсуге тура келе­дi. Осындай бiр түрi бар, ма­ғынасы жоқ, басы бар, аяғы жоқ сергелдең өмiр бастан өтiп жатыр едi… Одақтың үшiншi қабатында досым Несiпбек Айтұлы жолығып қалып: – Қарамағымдағы әдеби қыз­меткердiң орны бос тұр. Олқы­сынбасаң, осы жұмысқа тұр­сай­шы, – деп кеңес бердi. Несiпбек «Қазақ әдебиетi» газетiнде поэзия бөлiмiн басқаратын. – Олқысынып қайтейiн. Бiрақ Оралхан менi жұмысқа алмайды ғой, – дедiм шынымды айтып. – Неге алмайды? Несiпбек бiлмейтiн бiр жайт­ты есiме түсiрдiм. Жазушы Қо­ғабай Сәрсекеевтiң 50 жылдығы үйiнде тойланды. Мерейтой иесiмен туысқандық жақынды­ғым бар мен дастарқанның төменгi жағынан, үй иесiмен иықтас орын алдым. Төрде өңшең қасқалар, жайсаңдар. Едәуiр кешiгiп жалғыз келген Оралхан Бөкеев қарсы алдыма жайғасты. Кер­бұғыдай кекiрейiп, басын бiрер сiлкiп алған соң: – Осы мен сенi онша жарат­пай­мын! – деп, бетiме тесiле қа­рады. Мүйiзi қарағайдай жазушы ағамыздың ай-шай жоқ, төбеден қойып қалғаны жанға батып-ақ кеттi. Менi жаратпайтын, сырттай жауығып, өшiгiп жүретiн үлкендi-кiшiлi қаламгерлер толып жатыр. Оралханмен арадағы осы эпи­зод­ты кейiн айтып бергенiмде, құр­дасым Көпен Әмiрбек те: – Мен де сенi кезiнде ұнат­пау­шы едiм. Сыртыңнан қарағанда ешкiмдi менсiнбейтiн, тәкаппар адам сияқтысың. Сөзiң түйеден түскендей. Дүрдиген түрiң де жек­сұрын. Араласа келе, соның бәрi сыртқы, алдамшы әсер екенiн бiлдiм. Ендi сенiң жүрегiң жұмсақ адам екенiңдi жұртқа дәлелдеумен шаршап жүрмiн, – деп едi. Ақиқатына келгенде, мiнезiм­нiң оңып тұрғаны жоқ. Қасым­дағы әйелiмнiң көзiнше әлгiндей сөз­дердi себепсiз айта салған Орал­ханға: – Менiң де сенi сүйiп бара жат­­қаным шамалы! – деп дүңк еткiздiм. Оралхан сөз қайырған жоқ. Сәлден кейiн дастарқан басында үзiлiс жарияланды да, келесi отырыста Оралхан өзi қатарлы классиктердiң қасына, төрге озып кеттi. Күллi қазақ ба­ласы мойындаған, тау тұлғалы жазушы ағамнан жоқ жерден жәбiр көрiп, көңiлiм нiлдей бұ­зыл­ған мен орнымда қалдым. Сөйткен Оралхан Бөкеев ендi менi жұмысқа алушы ма едi?! – Алады! – дейдi Несiпбек. – Ол да сен сияқты сырты дүрдигенi болмаса, жаны жiбектей нәзiк адам. Қазiр мен кiрiп, сен туралы айтып шығайын. Кетiп қалма! Кетiп қалуға да болушы едi. Жұмыссыздыққа да етiм үйрене бастаған. Қыстың ортасы. Үйде соғым сойылған. Әйелiм жұмыс iстеп, айлық табады. Балаларым стипендия алады. Аштан өлiп, көштен қалып бара жатқаным жоқ. Сонда да, бiр ерегес iшiмде бас көтердi. Кетпейiн, Оралхан­ның айтқанын естiп кетейiн деп ойладым: ұзыннан өшi, қысқадан кегi жоқ, айдаладағы Оралхан Бөкеевтiң менi жек көретiнi несi?! Теледидарда бас редактор болып қызмет iстеп жүргенiмде, журналист Өмiрсерiк Жұмановты Оралханмен бiрге елiне жiберiп, қаламгердi туған үйiнде киноға түсiрткенiм бар едi. Бұл телеочерк қазақ теледидарының қорында сақтаулы, оқта-текте қайталап көрсетiп жатады. Сол Оралханға не жаздым екен? Бас редактордың кабинетiне сүңгiп кеткен Несiпбек көп кiдiр­ген жоқ, аңқылдап қайта шықты: – Айттым ғой, мен саған! Орал­хан келсiн деп жатыр. Дүң­кiлдемей, дұрыс сөйлес, – деп маған бiлген кеңесiн де берiп, сүйрегендей етiп, есiктен кiргiзiп жiберiп, өзi тыста қалды. Есiктен кiре берген маған: – Сен шынымен бiзге жұ­мысқа тұрғың келе ме? – дедi Оралхан. – Неге тұрмауым керек? – де­дiм қитығып. Оралхан екi сөзге келген жоқ: – Мына жерге отыр да, поэзия бөлiмiне әдеби қызметкер бола­мын деп арыз жаз, – дедi. Жаздым. – Қазiрден бастап жұмысқа қабылдандым деп есепте. Iске сәт! – дедi Орекең. Баяғы кикiлжiң әрi қарай жалғаса ма деп едiм, ол да сөз қоз­ғамады. Мен де үндемедiм. Бұл «Қазақ әдебиетi» деген кiсiнi жалқау ететiн жер екен. Келгiң келген уақытта жұмысқа ке­лесiң. Кеткiң келген уақытта кетесiң. Өзiңе тапсырған жұмыс көлемiн орындап, апталық лездемеде төбе көрсетiп отырсаң болды. Қызметкерлер сайдың тасындай: Оралханның орын­ба­сарлары Тұтқабай Иманбеков пен Жүсiпбек Қорғасбеков, жауапты хатшы Қайырбек Асанов, бөлiм меңгерушiлерi: Иранбек Ораз­баев, Несiпбек Айтов, Жаңабек Ша­ғатай тәрiздi өңкей дарынды жi­гiттер. Арада апта өтер-өтпесте, түскi үзiлiс уақытында, өз бөлмемде әлдебiр қағаздарды қарап отыр едiм, Оралхан кiрiп келдi. – Сен бұл жерде неғып отыр­сың? Сұрақты онша ұғынбай қал­ғаным­ды аңтарылған түрiмнен аңғарды-ау деймiн: – Анау төрдегi үстелдiң ба­сында неге отырмайсың? – деп сұрады. – Ол екi үстелдiң басында екi бөлiм меңгерушiсi – Несiпбек Айтов пен Иранбек Оразбаев оты­рады. Мен әдеби қызмет­кермiн ғой. Орным – осы. – Маған жүршi! – деп Орекең керi бұрылды. Соңынан ерiп ка­бинетiне келдiк. Оны-мұныны сөз етiп бiраз отырды да: – Сен баяғы сөзiмдi көңi­лiңе алып жүрсiң бе? Мен өзiм сондай қасқамын. Айта салам да, өзiм азап шегiп жүремiн. Жарайды ендi… Саған арнап «Өнер» деген бөлiм ашайын. Бас­тығы да, қызметкерi де өзiң бол. Бөлек ка­бинетте отыр. Редак­ция алқасына мүше боласың, – дедi. Айтты – көңiл тазарды. Осы күннен бастап Оралхан аға екеу­мiздiң арамыз жақындай бастады. Шақырып алып, кеңес сұрайтын болды. Жауапты жұмыстарды тапсыратын болды. Редакцияның бөлмелерiнде анда-санда өтiп тұратын «шай iшулер» кезiнде бұл кiсiнiң жаны жайсаң, жүрегi жомарт адам екенiн анық тани бастадым. Осындай басқосуларда сұлу даусымен өлең оқиды екен. Бейiмбет Майлиннiң «Шұғаның белгiсi» әңгiмесiн жатқа оқығаны қандай ғажап! – Әй, өзi де Шұға десе шұға едi-ау! – деп өкiнiп бiр тоқтағанда, бәрiмiз де қобалжып, орнымызда омалып отырып қалушы едiк. Дүр­диген сырты болмаса, Орал­ханның iшiнде жап-жарық шырақ жанып тұрушы едi. Бас-аяғы екi-үш айдың iшiнде тонның iшкi бауындай болып, жақын араласып кеттiк. Екi үйден кезек шай iшетiн болдық. Бiрге жолсапарларға шықтық. Ағадыр­дағы Ағыбай батырдың тойына, Тал­дықорғандағы Ғали Орманов­тың тойына, Жезқазғандағы Аппаз Қаражiгiтовтің тойына бiрге барған кездер күнi бүгiнгiдей есiмде. Жезқазғанға Қайырбек Асанов екеуi аттанбақшы едi, жеме-жемге келгенде маған да «барасың» дедi. – Бас редактор барған жерге бiздiң қосарланып барғанымыз ретсiз шығар, – деп шегiншектеп едiм: – Қамшының сабындай қыс­қа ғұмыр ғой. Бiрге жүре тұрайық та, – деп мұңая сөйлегенiн ұмыта алмай жүрмiн. Бұл кезде Орал­ханның демi бiтуiне екi-үш ай ғана қалған екен ғой. Қарт жазушымыз Аппаз Қара­жiгiтов Қайырбекке қасқыр iшiк кигiздi де, Оралхан екеумiзге кәрiстердiң екi радиоқабыл­дағышын сыйлады. Ұшақтан тү­сiп, үйге барып, шай iшiп отыр­ғаным сол едi, Орекең телефон шалды: – Ей, менiң радиомның са­ғаты бар екен, – деп балаша қуа­нып тұр екен. – Сенiң радиоңда сағат бар ма? – Бiзде де бар шығар, Ореке. Кәрiс ағайындардың бiр қалыптан шығып жатқан арзан радиосы ғой! – Сен әлi ашып көрмеген екенсiң ғой. Әрине, буржуйларға дүние таңсық емес. Бiз классик болсақ та қатарға қосыла алмай келемiз… Орекең Жазушылар одағы бер­ген екi бөлмелi тар пәтерде тұр­ды. Сонысы өзiне қатты ба­татын. – Айханым мен Айжаным өсiп келедi. Мына қуықтай екi бөл­­меге сыймайтын түрiмiз бар, – деп уайымдайтын. Кеңес өкiметi тарап, дүние астан-кестең болып жатқан ала­көбең шақ. Жаңадан шыққан байлардың алдына тұрып болмай­ды. Оралханның да, менiң де тұрмысымызды түзегiмiз келедi. Қол қысқа. Көбiне бiздiң үйде шай iшiп отырып, түрлi жоспарлар жасаймыз. Алдында ғана «Ауыл­дағы қазақ қаламгерлерiнiң ұйым серiктестiгi («АҚҚҰС») де­ген қауым­дастық құрылып, Орал­хан – президент, мен – вице-пре­зи­дент болып сайланғам. Айт­пақ­шы, менiң бұл жұмысқа же­гiлуiм де кездейсоқ жүзеге асып едi. Бiр күнi қауымдастықтың құ­рыл­тайы алдында Орекең ша­қырып алып: – Тұтқабай Иманбеков вице-президент болады. Сен соның ор­нына бас редактордың орын­басары боласың, – деген шешiмiн жариялады. Өзiмiзбен жақсы араласып-құраласып, сыйласып жүретiн Тұтқабай ағамыз жеме-жемге келгенде «АҚҚҰС»-қа бар­ғысы келмедi. – Менi қызметтен шеттетiп жа­тырсыңдар, – деген өкпесiн айтты. Осыдан кейiн Орекең «АҚҚҰС»-қа менi сайлатты. Кейiн «АҚҚҰС»-тың әжептәуiр ауқатты ұйымға айналғанын көр­ген Тұтқабай ағамыздың шы­нымен өкiнген шақтарына да куә болдық. Сонымен, Орекең екеумiз «АҚҚҰС» арқылы шаруа жүр­гiзуге талпындық. Темiрше Сары­баевты Ақсуға жұмсап, сондағы ақын Жамау Бұқарбаев арқылы бiр машина қаптаулы қант ал­ғызып, оның жартысын Көкше­таудағы әкiм досым Құрманхан Бұқарбайұлына жөнелтiп, ол жақтан бiр КамАЗ картоп алды­рып дегендей… Екi Бұқарбайұлының еңбегi еш болды: Арқадан көктем шыға алдырған таңдаулы картопты қалай сатудың ретiн бiлмей «Ал­матыэнергосеть» деген ұйымдағы бiреуге түсiрiп берiп едiк, ол ақшамызды бермей сырғақсытып жүрдi де, бiр күнi өзiн машина басып кеттi. – Қант, картоп операциясы осы­мен бiттi, – дедi Орекең ыза­ланып. – Ендi темекi операциясын бастаймыз. Сөйтсек, Орекең бiр отырыста Алматы темекi фабрикасының директоры Қадыр деген жiгiтпен танысқан екен. Қазiргiдей Куба сигаралары мен Англия сигарета­лары тiрелiп тұрған заман емес. «Қазақстан» сигаретiнiң көзден бұл-бұл ұшқан кезi. – Әлгi директордан сұхбат алып кел. Газетке жедел жария­лаймыз. Осыны пайдаланып, бiр миллион қорап «Қазақстан» сигаретiн отыз тиыннан сатып аламыз да, үш сомнан сатамыз. «АҚҚҰС» ақшаның астында қалады, – деп қуанып отыр екен. Фабрикаға барып, сұхбатты да даярладым. Бiр миллион қорап сигареттi де алуға келiсiм жа­садым. Баюдың аз-ақ алдында тұр едiк… – Менi атып тастайтын адам жоқ! – деп Орекең аяқастынан шала бүлiндi. – Кеше Дулаттың үйiнде қонақта болып… Балконда темекi тартып тұрып, ендi темекi сатып байитынымызды айтып мақтанып қойыппын. – Е, Дулат өзiңiздiң досыңыз, «жетi жетiмнiң» бiрi емес пе? – Дулат әлгi темекi фабри­ка­сының директорымен бажа екен. Бiздiң достығымыздың жазыл­маған заңы бойынша бiрiмiзден-бiрiмiз озып кетуге болмайды. Ендi қара да тұр, Дулат әлгi те­мекiнi бiзге бергiзбей қояды! Рас екен. Әлгi миллион қорап темекiнi бiз фабрикадан шығарып алуға тиiс күнi де, одан кейiн де директор Оралхан екеумiздi маңына жолатпай қойды. «Те­мекi» операциясы да күйреп тынды. Артылып қалған қантты Орекең қайтыс болысымен, үйiне берiп жiбергенiм есiмде. Айтпақ­шы, Дүкеңнiң бажасынан сұхбат алуға барғанымда, Орекең екеу­мiзге мың қорап қара сүзгiлi «Қа­зақ­стан» сигаретiн сыйлаған. Оралхан аға қайтыс болған күн­дерi сол қара сүзгiсi бар сигареттi көзiмiзден жас аққанша құныға сорып жүрдiк қой. 1968 жылы бiз оқуға келiп түс­кенде, «Лениншiл жас» газетiнде әдебиет бөлiмiн басқаратын Оралхан Бөкеевтiң әдеби даңқы дәуiрлеп тұрған болатын. Газеттiң бiрнеше нөмiрiне шығатын әңгiмелерiнiң жалғасын оқу үшiн ертемен газет дүңгiршектерiнiң алдын күтушi едiк. Сол романти­калық әңгiмелер бiзге өлең сөз­дей, тiптi әсем әндей көрiнетiн. Ұзын, қою қара шашы желкесiн жапқан жас жазушының шығар­машылық бақытына қызыға да, қызғана да қарайтынбыз. Кейiн ешкiмге ұқсамайтын хикаяттары­мен өзiн әбден мойындатқан жазу­шымен аз уақыт та болса қа­нат­тас өмiр сүргенiм – әлi күнге сағынып еске алатын кездерiм. Таралымы әбден құлдырап кеткен «Қазақ әдебиетiн» насихаттау үшiн 1992 жылдың соңында ақындар айтысын өткiзiп, тiзе қосқан шақта оның қандай күрес­кер екенiне көзiм жеттi. Айтыскер ақындар мен термешi-жыр­шылар­дың республикалық қауымдастығын бiрге құрдық. Дәл осы еңбегi үшiн кейiн Оралхан Бөкейдiң құрметiне үш рет ақындар айтысын өткiзуге тура келдi. Қаратай елiнiң орта­сында өткен осы жыр сайысында ақын iнi-қарындастары Орекең­нiң асқақ бейнесiн өлең сөзбен сомдауға құлшынды. Қара сөзбен жырлайтын қаламгер осы құр­метке лайық едi. 1993 жылдың шiлде айында Оралхан Бөкеев 50 жасқа толуға тиiс едi. Мамыр айының басында Несiпбек екеумiздi оңаша шақы­рып, кеңес құрды. Туыс-туған­ның аздығын, ет-жақындары бiрiнiң соңынан бiрi бақилық бол­ғанын айтып, мұңайып отыр­ды. Өз ауы­лындағы адамдардың қатыгез, тасбауыр болып бара жат­қанына мынандай мысал келтiрдi: – Шайды балмен iшкендi ұнатам. Шiркiн, бiздiң Алтайдың хош иiстi балына ештеңе жетпейдi ғой. Елге бiр барғанымда аудан­ның бiрiншi хатшысына бал құй­дырып бер деп өтiнiш жасадым. – Қанша бал керек едi? – 7-8 литрдей болса… – Ыдысыңды жүргiзу­шiме тапсыр. Ұшаққа сол апарып бередi, – дедi хатшы. 10 литрлiк бiр ыдыс сатып алдым да, жүргiзушiсiне бердiм. Сенесiңдер ме, жоқ па – тура 8 литр бал құйып берiптi. Ыдыс 10 литрлiк едi ғой. Бiздiң ауыл осындай! Осы әңгiменi айтып ызалана күлген Орекең шiлде айының 3-i күнi Несiпбек үшеу­мiздiң менiң «Жигулиiммен» Қатонқарағайға аттанатынымыз­ды хабарлады. – Неге менiң «Жигулиiммен»? – Сенiң орындыққа жапқан тыстарыңды түнеу күнi Бақыт­жамал Эмираттан алып келген. Сондай ұнайды маған! Осындай уәжге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба? Сiрә, өзiнiң қыз­мет бабында мiнетiн «Вол­гасын» елiне мiнiп баруға сақ­сынса керек. – Елiңiзге достарыңыздан кiм­дi шақырасыз? – деп сұрадық Несiпбек екеумiз. – Ешкiмдi де шақырмаймын. Оларды күтетiндей құдiреттi туысым жоқ. Аудан басшысының тiрлiгi әлгi. Елдегi Жұмадiл досым да өзiм секiлдi қу сирақ кедей. Шыңғыстайда бiр тайым бар. Соны соямыз. Үшеумiзге бiр жұма жеуге содан артық не керек? Қатон­ның ауасының өзi не тұ­рады! Айтпақшы, қайтарда мен ұшақпен ұшып кетем. Сендер жермен қайтасыңдар. – Неге ұшып кетесiз? – Бiр жұма Шыңғыстайда арақ iшкен сендердiң иiстерiңнен менiң басым айналады. Осылайша, жоспары сызылып қойған алдағы сапарға шықпай қаламыз деп кiм ойлаған… Сол 1993 жылдың мамыр айының соңында, Қазақстан Жазушылар одағының бiрiншi хатшысы Қалдарбек Найманбаев бастаған 15 шақты қаламгер Түр­кияға сапар шегiп, Мағжан аға­мыздың 100 жылдығына арналған шараларға қатыспақшы едiк. Сапарды ұйымдастырушылардың бiрi ретiнде мен де, «Қазақ әде­биетi» газетiнiң бас редакторы ретiнде Оралхан Бөкеев те деле­гация құрамына енген едiк. Сәуiр айының соңғы күндерiнiң бiрiнде Орекең менi кабинетiне шақырып алды да: – Түркияға бармайтын бол­дым. Сен газетке сапарнама жа­зып келесiң, – дедi («Мағжанның Түркиясы» деп аталған сапарнама «Қазақ әдебиетi» газетiнде жа­рияланды). – Сiз неге бармайтын бол­дыңыз? – Үндiстанға жүремiн, – дедi Орекең. Үндiстанның басшысы Алма­тыға ресми сапармен келгелi жат­қан. Соның алдында бiр топ қазақ журналистерi Үндi елiне барып қайтатын болыпты да, iшiне Оралхан Бөкеев те қосылған екен. Орекеңнен басқасының бәрi – жас қаламгерлер. – Ылғи бала-шағаның ара­сын­да сiзге не бар, Ореке? Үндiс­танға менi жiберiңiз де, өзiңiз Ыстамбұлға барып келiңiз, – дегенiм есiмде. – Түркияға барсам, Қалдарбек пен сен берген тиын-тебендi са­нап жүредi екенмiн. Үндiстан сапарын үкiмет қаржыландырып отыр. Бiз де есеп шығара бiлемiз, шырақ! – деп әзiл-шыны аралас жауап берген Оралхан: – Мен не көрдi дейсiң? Қырымға барсам емделуге бардым. Переделкинода жазудан қолым босамады. Елба­сымен Еуропаға бiр барып келге­нiм болмаса, осындай тегiн сапар­ға бiрiншi рет шыққалы отырмын ғой. Жас болса, жер ортасы елуге келiп қалды, – деп мұңайды. Қыс айларының бiрiндегi кеңесу кезiнде: – Қылшылдаған кезiмде өз­гелер үшiн жұмыс iстедiм. Ендi өзiм бас редактор болған кезiмде қаңсып қалған басыма идея келер емес, – деп налығаны бар едi. Сол күнi профессор Тұрсынбек Кә­кiшев­тiң «Астананы Ұлытауға көшiрсек қайтедi?» деген мақа­ласын дайындап әкелiп, оқуға бергенiмде айтқан сөзi едi. Мен күмәнданып әкелген сол мақа­ланы нөмiрге салуға пәрмен бер­ген Орекең астананың көшпей қалмайтынын болжап жүр екен ғой. Орекең Үндiстанға 10 мамыр, жаңылмасам, сенбi күнi аттанды. Жауапты хатшы Қайырбек Аса­нов екеумiз Жазушылар одағына келiп, шығарып салдық. Көлiгiне мiнгелi тұрып: – Қайырбек, маған екi шөлмек арақ әкелiп, қоржыныма салып бершi, – деп өтiнiш жасады. – Арақ iшпейсiз ғой, оны қайтесiз? – деп Қайырбек таң­данды. – «АҚҚҰС»-тың қоймасында отыз жәшiк арақ тұр емес пе? – деп мен ұсыныс айттым. – Сенiң қисық шөлмегiңдi шетелге апарғаным ұят болар, – деп күлдi Орекең. – Iшпесем де, қоржынымда жүрсiн. Қолымды жуамын. Мен өзi иiс-қоңысты жаратпаушы едiм. Үндiстанда қысы-жазы ауа ауыспаған соң иiс болатын шығар… Қайырбек «Балалар әлемi» дүкенi жағынан тез оралды да, бiз­бен қол алысып қоштасқан Оре­кең көлiгiне мiнiп, жүрiп кеттi. Оралхан Бөкеев Делиде ма­мырдың 17-сi күнi қайтыс болып­ты. «Агра қаласына сапарлап барып, Тәж-Маһалды тамашалап, қайтар жолда әзiл-қалжың айты­сып, көңiлдi болып едi» дейдi көр­гендер. Өкпесiнiң iлесi бар едi, 56 градус ыстыққа шыдас бермеген тәрiздi. «Сорқұдықтың басына сорға бола қонды әкем» демекшi, осы сапарға бармай-ақ қойшы деген сөзiмдi қабыл алса, әлде­қалай болар едi деп ойлаймын да жүремiн. Оралханмен айнымасқа, айы­рылмасқа табысқанымды бiлушi едiм. Бiрақ дәл осылай жылдам қоштасамыз деп ойламаппын. Көзiмнiң жасы сорғалап жүрiп жоқтау жаздым. Жиырма шумақ­тан астам сол жоқтау Оралханның мәйiтiн Мүсiрепов театрынан алып шығарда айтылып тұрды. Бiздiң шешелерiмiз, жеңгелерiмiз боздақтарын солай жоқтаушы едi. Жоқтау үстiнде iштегi шер-ше­менiн, қайғы-зарын сарқып айтып, мауқын басатын. Мауқым­ды басқан сол жоқтаудың мәтiнiн де сақтап қалмаппын. Оралхан үздiге жырлап өткен Шыңғыстайға, Мұзтауға, Қатон­қа­рағайға өзi өмiрден өткен соң оншақты жылдан кейiн ғана жолым түстi. Оралханның ауылы, үйi, Оралханның мектебi, мұра­жайы деген түсiнiктер пайда болыпты. Оралханның жерлестерi Оралханның атын айтып мақта­нуды үйренiптi. Тоба! Маралшылардың тау басын­дағы «Верхотур» деген қосынан таң алдында төмен түсiп келе жа­тып, жолдан адастым-ау деген кү­дiк көңiлiме кiрдi. Сиырын өрiс­ке шығарып жүрген жiгiт ағасы жол жиегiнде тұр екен. Жөн сұрасам: – Жол сiлтей алмаймын. Осы жасқа келгенше мына Больше­нарымнан арғы жаққа аяқ басып көрген жоқпын, – деп шынын айтты. Жан-жағын шыршалы-са­мыр­сынды, таулар қоршаған, адамдары томаға-тұйық ауылдан шыққан Орекең қалай алысқа ұзап кеткен! Қандай биiктерге шығып кеткен? Сол биiктен, Оралханның биiгiнен төменге қарасаң – басың айналады.
Жүрсін ЕРМАН // Қармақшы таңы, 2018. - 27 қыркүйек
 
М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений