kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Қаңтар

Семей полигоны. Қырық жылға созылған қырғын

Кеңес одағы жүргізген ядролық сынақтардың үштен екісі еліміздің аумағында орналасқан Семей полигонына тиесілі болатын. Полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай осы бір ядролық жарылыстар тарихына үңілуді керуді жөн санап отырмыз.

Дидар. – 2019. – 31 қаңтар (https://didar-gazeti.kz/semey-poligony-yry-zhyla-sozylan-yryn/

Биылғы додаға 10 елдің мықтылары қатысты

Өскеменде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлделері сарапқа салынған дәстүрлі халықаралық жарыс мәресіне жетті. Осымен бесінші рет ұйымдастырылған додаға 10 елдің мықтылары қатысты.

Дидар.-2019.-22 қаңтар (https://didar-gazeti.kz/biyly-dodaa-10-eld-mytylary-atysty/)

«Ақылды Awards -2019» премиясы табыс етілді

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Ақылды Awards -2019» премиясының иегерлері белгілі болды.

Дидар.-2019.-17 қаңтар (https://didar-gazeti.kz/ayldy-awards-2019-premiyasy-tabys-etld/)

Жамал апай – 114 әннің авторы

Аягөзде асыл адам тұрады. Белгілі педагог Жамал Кәрімова – елімізге танымал жан. Сонау Таңсық ауылында тұрып, республикалық «Ақ жаулық» газетін шығарған Жамал апай бір кездері «Әдебиетпен сабақтастырылған музыка» атты пәнді енгізгені үшін «Жаңашыл ұстаз» атанған.

Дидар.-2019.-8 қаңтар (https://didar-gazeti.kz/zhamal-apay-114-nn-avtory/)

Ақпан

Ардагерлерге арналған аллея салынды

Ауған соғысына 22 мыңдай отандасымыз қатысса, соның 2267-сі біздің облыстан барған сарбаздар. 86 жерлесіміз майдан даласында оққа ұшқан. Ал үшеуі хабарсыз кеткен.

Дидар.-2019.-19 ақпан (https://didar-gazeti.kz/rubik-tekshesn-toyz-sekundta-rady/)

Наурыз

Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ қызы

1964 жылы Токио Олимпиидасына қатысқан тұңғыш қазақ аруы Алданыш Рамазанқызының жетістігі жайлы болмақ. Талантының арқасында тұңғыш олимпиадаға қатысушы деген атты тағдырына жазып, тарихына таңбалаған желаяқ туралы толығымен баяндайық.

Дидар. -2019.-28 наурыз (https://didar-gazeti.kz/olimpiadaa-atysan-tysh-aza-yzy/)

Арыстандай жасқа үміт арттық

Әлем чемпионы болған шахматшы ұлдар елімізде саусақпен санарлық. Ерлер арасындағы бәсеке жоғары екенін содан білуге болады. Балам, Арыстан Есенжолов, былтыр Албания жерінде болған оқушылардың әлемдік жарысында жеңіске жетті

Дидар.-2019.-18 наурыз (https://didar-gazeti.kz/arystanday-zhasa-mt-artty/)

«Харекет» қоры өскемендік анаға баспана сыйлады

Дидар.-2019. – 7 наурыз (https://didar-gazeti.kz/hareket-ory-skemendk-anaa-baspana-syylady/)

Сәуір

Қанипаның әлеміне терең бойлады

Өскеменге республикамыздың түкпір-түкпірінен жас өрендер жиналды. Жанарлары жалт-жұлт еткен осынау өрімдей ұлдар мен қыздар асқақ Алтайдың бауырындағы осынау шаһарға аты аңызға айналған әйгілі ұстаз Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиадаға келіпті. Сөйтіп, «Ертіс концерт» орталығында дүбірлі доданың алауы жағылды.

Дидар.-2019. - 27 сәуір (https://didar-gazeti.kz/anipany-lemne-tere-boylady/)

Алманиямен арадағы байланыс бекиді

Облыс әкімі Даниал Ахметов Германияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннермен кездесті.

Дидар.-2019.-25 сәуір (https://didar-gazeti.kz/almaniyamen-araday-baylanys-bekid/)

Мамыр

Айсәуле АҚШ-тың үздік оқушысы атанды

Өскемендік оқушы Айсәуле Самарбекова FLEX бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алып жатыр. Үлгерімі озат оқушы жуықта «Студенттер айырбасы бойынша ең үздік студент» атағын жеңіп алыпты.

Дидар.-2019.-18мамыр (https://didar-gazeti.kz/aysule-ash-ty-zdk-oushysy-atandy/)

Үздіктердің үздігі

Өскеменде үш күн бойы өткен «WorldSkills Shygys – 2019» IV аймақтық чемпионаты өз мәресіне жетті. Байқаудың салтанатты жабылуы «Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінде өтті. Өңір колледждерінің базасында және «ОблШығысЖол» кәсіпорнында орналасқан жеті кәсіби шеберлік алаңын аралап, қатысушылардың басы-қасында болған облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова өз ісінің нағыз шеберлерін марапаттады.

Дидар.2019.-18 мамыр (https://didar-gazeti.kz/zdkterd-zdg/)

Маусым

Тынышпаевқа тыныш көше бұйырды

Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары, қазақтың тұңғыш теміржолшы-инженері Мұхамеджан Тынышпаев атындағы көше ресми түрде ашылды.

Дидар.-2019 .-1 маусым (https://didar-gazeti.kz/tynyshpaeva-tynysh-kshe-byyrdy/)

Шілде

Ескерткіш тас белгі қойды

Белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы Қарауылға арнайы келіп, Тоқтамыс ауылының маңында орналасқан Шаған өзені бойында Шаған шайқасына қатысқан, елі үшін, жері үшін мерт болған қазақ батырларының құрметіне тас белгі қойды

Дидар.-2019.-25 шілде (https://didar-gazeti.kz/eskertksh-tas-belg-oydy/)

Тамыз

Тәуке батыр мен Сәбираға ескерткіш қойылды

Әуелі жер-жерден келген қонақтарды, оның ішінде Тәуке батырдың ұрпақтары бар, ауданға кіреберістегі Қабанбай батыр кесенесінің басында қарсы алып, Ақмектеп ауылына жол жүрді. Бұл ауылдағы орта мектептің алдынан Тәуке батырдың төл ұрпағы, еліміздің азаттығы жолында жанын құрбан еткен қазақтың қайсар қызы Сәбира Мұхаметжановаға ескерткіш ашылды.

Дидар.-2019.-29 тамыз (https://didar-gazeti.kz/t-uke-batyr-men-s-bira-a-eskertk-sh-oyyldy/)

Ертістің жағасындағы ерекше саябақ

Еліміздің Ата Заңы күні қарсаңында Өскеменде халыққа аса қажетті жаңа нысанның тұсауы кесілді. Октябрь аралында, Ертіс өзенінің жағасында бой көтерген «Samal» саябағын облыс әкімі Даниал Ахметовке қала басшысы Жақсылық Омар таныстырды.

Дидар.-2019.-27 тамыз (https://didar-gazeti.kz/ert-st-zha-asynda-y-erekshe-sayaba/)

Ақын тұр ой үстінде жұртқа қарап

Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Көкпекті ауданы, Самар ауылының орталық алаңы жөндеуден өтіп, ол жерге ақынның еңселі ескерткіші орнатылды. Биші субұрқақ ашылды. Орталық алаң бұдан былай ұлы тұлғаның есімімен аталады.

Дидар. 2019.- 26 тамыз (https://didar-gazeti.kz/a-yn-t-r-oy-st-nde-zh-rt-a-arap/)

13 отбасыға баспана кілтін табыс етті

Аудан орталығы Көкпекті ауылына тізгін тартқан аймақ басшысы ол жерде көпбалалы отбасылар, жас дәрігерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен толық емес отбасыларға 13 баспананың кілтін табыс етті. Мұндай қуанышқа ие болған көпбалалы ананың бірі – Альфия Гусеинова. Ол – төрт баланың анасы, мектепте ұстаз болып қызмет етеді. Төрт бөлмелі үлкен жер үйді өзі таңдап алыпты.

Дидар.-2019.-19 тамыз (https://didar-gazeti.kz/13-otbasya-baspana-kltn-tabys-ett/)

73 жоба жүзеге асырылып жатыр

Өңірімізде Индустрияландыру картасы бойынша 15 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етуді көздеген 73 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің мәжілісінде облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шорманов хабарлады.

Дидар.-2019.-15 тамыз (https://didar-gazeti.kz/73-zhoba-zhzege-asyrylyp-zhatyr/)

Халықаралық эстафета алауы Шығысқа жетті

Төрткүл дүниені түгелге жуық аралаған «Бейбітшілік жүгірісі» халықаралық алау эстафетасы Шығыс Қазақстанға да келді.

1987 жылы басталған эстафетаға осы күнге дейін он миллионнан астам адам қатысыпты. Акцияның биылғы маусымы шілде айының соңында Ресейден бастау алып, еліміздің Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасын тапты.

Дидар.-2019.-8 тамыз (https://didar-gazeti.kz/halyaraly-estafeta-alauy-shyysa-zhett/)

Қыркүйек

Әмина Өмірзақова атындағы фестиваль басталды

Семейде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ киносы мен театрында өшпес із қалдырған әйгілі актриса Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық театрлар фестивалінің шымылдығы түрілді.

Дидар.-2019.-20 қыркүйек (https://didar-gazeti.kz/mina-m-rza-ova-atynda-y-festival-bastaldy/)

Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді

Семейдегі денешынықтыру-сауықтыру кешені бұдан былай даңқты спортшы, грек-рим күресінен Олимпияда чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімімен аталатын болды.

Дидар.-2019.-18 қыркүйек (https://didar-gazeti.kz/zha-syly-shkemp-rovt-es-m-ber-ld/)

Мәмбетқазиев атындағы дәрісхана ашылды

Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да аталмыш білім ордасының тұңғыш ректоры әрі негізін қалаушы, профессор, химия ғылымының докторы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ережеп Мәмбетқазиев атындағы оқу дәрісханасы мен заманауи құралдармен жабдықталған екі зертхана ашылды. Бұл жобаға қаржылық қолдау білдірген – жоғары оқу орнының әлеуметтік серіктесі «KAZ Minerals» компаниясы.

Дидар.-2019.-16 қыркүйек (https://didar-gazeti.kz/m-mbet-aziev-atynda-y-d-r-shana-ashyldy/)

Арбат ашылды, енді бульвар салынады

Жамбыл және Жастар саябағын жалғап жатқан Бейбітшілік көшесі Өскемен шаһарының шығармашыл жастары жиналатын орынға айналмақ. Сәні мен сәулеті жарасқан Арбат үлгісіндегі көшеде ол үшін барлық жағдай жасалған.

Дидар.-2019.-13 қыркүйек (https://didar-gazeti.kz/arbat-ashyldy-end-bulvar-salynady/)

Өскеменде тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім күні Өскемендегі 19-шы тұрғын ауданында бір мың орындық қазақ мектебі есігін айқара ашты. №48 мектеп-қосымша білім беру орталығының салтанатты ашылуына облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.

Дидар.-2019.-3 қыркүйек (https://didar-gazeti.kz/skemende-ta-y-b-r-aza-mekteb-ashyldy/)

Қазан

Рыпакованы кезекті жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда мәресіне жеткен VII бүкіләлемдік әскерилер ойындарының чемпионы атанған Ольга Рыпакованы айтулы жеңісімен құттықтады.

Дидар.-2019.-31 қазан (https://didar-gazeti.kz/rypakovany-kezekt-zhe-s-men-tty-tady/)

Балуанға ескерткіш қойды

Соңғы жылдары спортсүйер қауым Тарбағатай өңірін «балуандардың меккесі» деп жиі атауда. Тарихына терең бойласаңыз, шын мәнінде өткен ғасырда орта жүзге аты шыққан, жаурыны жерге тимеген Әбділдәбек, Шиқара, Молдабай сынды балуандар осы өңірде дүниеге келген екен.

Дидар.-2019.28 қазан (https://didar-gazeti.kz/baluan-a-eskertk-sh-oydy/)

Арбадағы биден әлем чемпионы

Ресейдің Петерборында өткен арбадағы би сайысынан дәстүрлі Әлем кубогы және Құрлықтар кубогы байқауларында Үржар балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушісі Алексей Журавлев алтын әрі күміс медальдарды қанжысына байлап, туымызды желбіретті.

Дидар. -2019. -22қазан (https://didar-gazeti.kz/arbada-y-biden-lem-chempiony/)

ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ЖЕТІ МЕДАЛЬ АЛДЫ

Ақтау қаласында жекпе-жек сайысынан Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі жарысқа еліміздің 11 облысынан мықты деген 190 саңлақ қатысты.

Дидар.-2019.-14 қазан (https://didar-gazeti.kz/zhekpe-zhekten-zhet-medal-aldy/)

«Әлем мұғалімі» сыйлығының номинанты атанды

Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Асхат Жұмабеков «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығы номинанттары қатарына кірді.

Дидар.-2019.8 қазан (https://didar-gazeti.kz/lem-m-al-m-syyly-yny-nominanty-atandy)

Бір күнде екі ескерткіш ашылды

Тарбағатайдың тағы екі тарихи тұлғасына ұрпақтары ескерткіш қойды.Ашылу салтанатына қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар келді. Ақжар ауылындағы мәдениет үйінде тарихшылардың қатысуымен «Сайболат шежіресі» кітабының тұсауы кесіліп, «Ру тарихы – ұлт тарихы» ғылыми конференциясы өтті. Жазушы, ғалым Н.Ақышев «Сайболат сияқты батыр, дипломат адамды ұрпақ білуі тиіс, оның өнегелі істері бір кітаппен тоқталмай, ғылыми еңбектер жазылуы керек» деп ой түйіндеді. Дәл осы күні Сайболаттегі Құрбанқажы батырдың ескерткіші де ашылды

Дидар.-2019.-3 қазан (https://didar-gazeti.kz/b-r-k-nde-ek-eskertk-sh-ashyldy/)

Қараша

Жыр алыбы тұғырына қонды

Осыдан бір жыл бұрын облыс орталығын аралау барысында Жамбыл атындағы саябаққа ат басын тіреген аймақ басшысы Даниал Ахметов онда тұрған жыр алыбының мүсініне қатысты сын айтып, бұқаралық ақпарат құралдарына алдағы уақытта парк төрінен ақынның жаңа ескерткіші орын тебетінін жеткізген еді.

Дидар.-2019.-18 қараша (https://didar-gazeti.kz/zhyr-alyby-t-yryna-ondy/)

«Үздіктердің үздігі» атанды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Үздіктердің үздігі» халықаралық байқау фестивалінің бас жүлдесі шығыс- қазақстандық балет мектебіне бұйырды. Өнер ұжымына ұзақ жылдардан бері Татарстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, облыстық татар қоғамдық орталығының жетекшісі Камилия Исмаилова басшылық етеді.

Дидар.-2019.-7 қараша (https://didar-gazeti.kz/zd-kterd-zd-g-atandy/)

Желтоқсан

Оралхан Бөкей атындағы әдеби зал ашылды

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Рухани жаңғыру» және «Рухани қазына» бағдарламалары аясында Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада Оралхан Бөкейдің әдеби залы салтанатты түрде ашылды. Шараға Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, Оралхан Бөкейдің туған-туысқандары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Дидар.-2019.-19 желтоқсан (https://didar-gazeti.kz/oralhan-b-key-atynda-y-debi-zal-ashyldy/)

Қырық отбасы қоныс тойын тойлады

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Семейге арнайы жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов және облыс әкімі Даниал Ахметов қалада жаңадан салынып жатқан Қарағайлы ықшам ауданында қырық отбасыға пәтер кілттерін табыстады

Дидар.-2019.-19 желтоқсан (https://didar-gazeti.kz/yry-otbasy-onys-toyyn-toylady/)

Өскеменде ұстаздар үйі ашылды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өңір ұстаздары үшін қуанышты жаңалықтың куәсі болдық. Өскеменде «Ұстаздар үйі» ашылды. Жаңа ғимараттың лентасын қиған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев пен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Гүлнас Ахметова Кенжетайқызы облыс ұстаздарына жылы лебізін білдіріп, «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық сайысының жеңімпаздарын марапаттады.

Дидар.-2019.-12 желтоқсан (https://didar-gazeti.kz/skemende-stazdar-y-ashyldy/)

Robolab оқу-роботты зертханасы ашылды

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде аталған жоғары оқу орны мен Білім және ғылым министрлігінің Дүниежүзілік банктің қолдауындағы бірлескен жобасы – Robolab оқу-роботты техникалық зертханасының ашылу салтанаты өтті.

Дидар.-2019. -10 желтоқсан (https://didar-gazeti.kz/robolab-o-u-robotty-zerthanasy-ashyldy/)

Бір күнде екі нысан ашылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Мамырсу ауылында ардагерлер бөлмесі мен жаңадан 75 орындық жекеменшік балабақша ашылды.

Дидар.-2019.- 3 желтоқсан.(https://didar-gazeti.kz/b-r-k-nde-ek-nysan-ashyldy/)

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений