kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Отыншы Әлжанов –Алашорда қыраны

(Биылғы жылы Алаш қозғалсына 100 жыл толады. Алаш қайраткері Отыншы Әлжанов туралы не білеміз?)

 

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Қазақстанның саяси өмірінде үлкен өзгерістер болғаны белгілі. Ұлттық сана –сезім оянып, жаңа идеялар ой –пікірлер пайда болды. Туған халқын Ресей бодандығынан азат етудің жолында аянбай еңбек еткен алаш қайраткерлерінің орны ерекше. Солардың бірі – Алаш қозғалысының көрнекті мүшесі, Шығыс өңірінде алғаш мектеп ашып, қазақ балаларын оқу-білімге тартып, қыр қазағының құқығын қорғаған, ағартушы-публицист, халық мұғалімі, ұлтжанды азамат – Отыншы Әлжанов болатын.

 

Көптеген ақпаратта жетісулық деп жүрген Отыншы Әлжанов кім еді?

1873 жылы Семей облысы Зайсан уезі, Нарын болысының №6 ауылында Әлжан Сақауовтың ауқатты отбасында дүниеге келген. Сақаудың (шын аты Мұхаметхан) әйелі Тайбала – білікті қоғам қайраткері, әйгілі аға сұлтан Құнанбайдың туған қарындасы екен. Белгілі қоғам қайраткері, әйгілі аға сұлтан Құнанбаймен аралас-құралас болып заман ағымын пайымдай білген Сақауовтар балаларын орыс оқуын оқытуды ертерек қолған алады. Сондықтан да Отыншы жастайынан орысша оқу оқиды. 1882 жылы Зайсан қаласындағы бастауыш орыс-қазақ училищесіне оқуға түсіп оны 1887 жылы үздік бітіріп шығады.

1987-1890 жылдары Омбы қалалық училищесінде оқиды. Білімін одан әрі жетілдіру үшін Омбы мұғалімдер семинариясына түседі.Тек қана сабақ оқып қоймай газет –журналдар мен ғылыми кітаптарды жүйелі түрде оқып тұрады. Алып Ресей мемлекетінің тыныс-тіршілігімен таныса отырып, өз халқының өткені мен бүгіні жайлы толғанып, сана-сезімі оянады. Шығармашылық жұмыспен де шұғылдана бастайды. 1894 жылы мұғалімдер семинариясын үздік бітірген О. Әлжанов Дала генерал-губернаторының кеңсесіне губерния хатшысы қызметіне қалдырылады. Бұратана халыққа ондай қызмет ұсынылмайтынын ескерсек, қыр қазағы үшін үлкен лауазым болатын.

Отыншы Әлжанов 1895 жылы Ақмола облыстық сотының аудармашысы болып қызмет істейді. 1897 жылы осы қызметте жүргенде Бүкілресейлік халық санағын өткізуге қатысады. Осы жұмысты өте тиянақты жүргізгені үшін патша ағзам қола медаль мен куәлік тапсырып марапаттайды. Халық санағын жүргізу барысында алыс аудандарда үш ай жүруі Отыншыға қатты әсер етеді. Қазақ халқының ауыр тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көріп, олардың әлеуметтік жағдайын, теңсіздігін жақыннан көріп танысады.

Қазақ балаларын оқыту арқылы ғана халқын надандық пен бодандықтан құтқара алатынына көзі жеткен Отыншы 1897-98 жылдары «Дала уалаяты» газетінде «Қырғыз (қазақ) балаларын тәрбиелеу туралы әңгімелер», «Қырғыз (қазақ) даласындағы халыққа білім беру туралы» т.б. мақалаларында ол қазақ балаларына бастауыш білім берудің көкейкесті мәселелерін қарастырды. Діни білім беретін мектептердің орнына жаңа әдіспен оқытатын мектептер ашуды ұсынды. Орынбор, Астрахан, Торғай облыстарында осындай мектептердің жұмыс тәжірибесін ұсынып солардан үлгі алуға шақырады. Дала округтік оқу ісінің меңгерушісі, әйгілі миссионер А. Алекторов Отыншының сабақ беру шеберлігіне тәнті болып қатты құрметтеген.

Сот пен мектептегі қызмет Отыншының көп нәрсеге көзін ашады. Жергілікті басшылар мен үйездік шенеуіктерден, саудагерлерден, казактар мен қарашекпендерден қысым көрген қазақтар Омбыға жиі келіп шағымдануға мәжбүр болған Соттың губерниялық хатшысы болып отырған Отыншы оларға бар күш-көмегін аямай көмектесіп отырған. Отыншы өмірінің Омбыдағы кезеңі оның саяси көзқарасының, оқу –ағарту ісінің білікті маманы болып қалыптасуына ықпал етті.

1905 жылы Санкт-Петербургте өткен «Шығыс бұра­таналарын» оқыту мәселе­лері бойынша Ерекше мәжі­ліске «Дала уалаятындағы» қа­зақ мұғалімдері атынан О.Әлжанов сөз сөйлеген. Екінші бір 1907 жылы өткен мәжілісте де Отыншы тағы да сөйлеп, «бұратана халық­тарды» оқыту туралы «Ере­жеге» сын айтып, қазақ мек­тептерінің жұмысын қадаға­лайтын инспекторлық орын­ға қазақ мұғалімдерін таға­йындау, қазақ мұғалімдері­нің құқығын және діни сабақ­тарды беретін мұғалімдердің жалақыларын орыс мұғалім­дерінің құқы мен жалақы­ларымен теңестіруді және басқа да өзекті мәселелерді ортаға салады. Дала округтік оқу ісінің меңгерушісі, әйгілі миссионер А. Алекторов Отыншының сабақ беру шеберлігіне тәнті болып қатты құрметтеген екен.

О. Әлжанов 1907 жылы Көкпектідегі 2-кластық орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі болып тағайын­далып, Өскемен, Зай­сан уездеріндегі қазақ мек­тептеріне басшылық жасау міндетін қоса атқарады. 34 жастағы Отыншы Көкпекті училищесіндегі жұмысты қалпына келтіру үшін көп күш жұмсап, жаңа әдіспен оқытатын болыстық мектептер аша бастайды.

   Көкпектіде ол тек ұстаз­дық­пен айналыспай, істі болған, зәбір-жапа шеккен қазақтардың мұң-мұқта­жын жоқтап, оларға нақты көмек береді. Көкпектіде тұ­рып жатқан орыс мұжық­тары мен татар көпестері қала маңайында қазақтар­дың жаз жайлауға шығатын жерлерін ешқандай ақы тө­лемей, қалай болса, солай пайдаланып, қазақтарды ба­сынып, астамшылық жасап, құқықсыз адам санатында қараған. Бұған ашынған О.Әл­жанов заң жүзімен жерлестерінің талабын орындауға кіріседі. Оқыған қазақтың бұл әділетті қимы­лынан қауіптеніп, орыс ке­лім­сегі мен татар саудаге­рінің атынан пәле-жала ұйымдастырылып, О.Әлжа­нов 1909 жылы 29 шілдеде тұтқындайды. Екі ай Семей түрмесінде ұстап, сотсыз, дәлелсіз 5 жыл мер­зімге Жетісу облысының Леп­сі уезіне жер аудары­лады. Патша өкіметі құлағанда, О.Әлжанов Уақытша өкі­мет­тің Лепсі уезі комис­сарының орынбасары бола­ды. Жетісу жеріндегі Алаш қозғалысына белсене арала­сады. Жетісу қазақтары атынан Құрылтай жиналысына де­пу­таттыққа ұсынылады. Желтоқсанда өткен съезде жалпы, қазақ атынан Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланады. Жетісу облыстық қазақ съездерін ұйымдас­тыруға қатысады.

Азамат соңысы жылдары О. Әлжанов Лепсіде ашыққан елге көмек көрсету комитетін құрады. Жетісу жерінде милиция жасақтап «Елдің басына мынандай пәле туып тұрғанда мен бұларды тастап кете алмаймын, өлсем-тіріл­сем де бірге көремін», – деп қарапайым халықты қорғауға бел байлайды. Сол кезеңдегі әскери қақтығыстардың қақ ортасында жүрген О. Әлжанов билік басындағыларға деген сенімін жоғалтады. Патшалық Ресей де, жаңа өкімет басына келген қызылдар да, олармен астыртын келісімге келген алашшылар да тәуелсіздікке қол жеткізбейтінін білді. Сөйтіп, қазақ жерінің орыс бодандығынан жуырда босамайтынына көзі жеткен Отыншы өз жігіттерімен Қытайға өтуге бел байлайды. Жолай нағашысы Шәкәрім Құдайбердиевті тұтқыннан босатып ала кетуді жоспарлайды. Біраз дем алып күш жинап алмақ болып, 12 тамыз күні Қытаймен шекаралас Көктұма ауылына келіп қонады. Ауылда Үржар қақтығысынан кейін демалып жатқан қызыләскерлердің үстінен түседі. Атыс кезінде Отыншы пулеметтен оқ жаудырып,   жаралы Шәкәрімнің құтылып кетуіне жағдай жасайды. Қарсыластары ала алмаған соң диірменге от қоя береді. Лаулап жатқан шатыр ішке құлап Отыншы екі жолдасымен от ішінде қалып қояды. 1918 жылы оның өлімі туралы М. Дулатов «Қазақ» газетінде «Тағы Құрбан (Отыншы Әлжанов)» деген мақаласында «Қымбатты Отыншы, алаштың көркейгенін көре алмай арманда кеттім деме, сендей ұл туған ел ешкімнен кем емес.» -деп жазған екен.

Ал Отыншы Әлжановтың әдеби өмірінің өзі бір төбе. Өз халқының әлеуметтік жағдай туралы мақалалар жазып, Омбыдаға сол кездің беделді қазақ газеті «Дала уалаятының» тұрақты корреспонденті болып, өз елінің тұрмыс –тіршілігі, шаруашылығы, наным сенімі туралы ғылыми мақалалар жазып, ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жібере бастайды. 40 астам әртүрлі тақырыптағы мақалаларында қазақ балаларының оқуы мен тәрбиесі, халықтық педагогиканың артықшылығы мен кемшіліктері туралы әңгіме қозғап, заман талабына орай орыс мәдениетіне ден қоюға шақырған. Мақаларына «Бабай-Бүркіт», «Орта жүз» деп қол қойған. Семинарияда оқып жүрген кезінде жинақтаған он дәптерге толы еңбегі жоғалып кеткен.   Публицистикалық мақалаларынан басқа қазақтың ауыз әдебиетіне, салт-дәстүріне көп көңіл бөлген. Көптеген қазақ мақал –мәтелдері, қолжазба түрінде отбасымен бірге Омбы, Лепсі, Көкпекті арасында көшіп жүрген. 1918 жылы Қытайға қашу үшін жиналғанда барлық мүлкімен қоса қолжазбалар да қолды болған. Отыншының жары Нұржәмила Дүйсенбайқызы (Қошке Кемеңгеровтың туған қарындасы) осы ертегілерді балалары мен немерелеріне айтып беріп отырған. 1962 жылы жарық көрген «Қазақ ертегілерінің» ішінде Отыншы Әлжановтың жинаған ертегілері де енген екен. Қазақ әйелінің әлеуметтік жағдайы туралы көлемді очерк жазған. Еріксіз шалға күйеуге шыққан қазақ қыздарының тағдырын, 26 жолдан тұратын жоқтау сыңсу қалдырған. «Дала уалаяты» газетінде «Қарынбайдың хикаяты», «Күшік пен мысық», «Толағай туралы аңыз», «Бақсы мен дуана», «Қазақтарға пайдалы кітаптар», «Мысырдағы етікші» т.б. еңбектері жарияланған.

«Жас ұрпаққа қажетті білім беріп, дұрыс тәрбиелеуге ұмтылсақ, онда біздің халқымыз да олар жеткен биіктерге жететін болады» -деп, қазақтың қара баласының қамын ойлаған белгілі қоғам қайраткері, ағартушы, ұстаз, фольклорист Отыншы Әлжановтың ұрпақтары бүгінде Қазақстанның түкпір – түкпірінде өмір сүріп еңбек етуде. «Орнында бар оңалар» дейді халық даналығы. Өзіне лайық ұрпағы бар адам бақытты. Оған дәлел-бірнеше ондаған жылдар бойы белгісіз болып келген жерлесіміз Отыншы Әлжановтың өмірі мен қызметі, халқының тәуелсіздігі үшін арпалысқан ауыр тағдыры туралы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Отыншы Альжанов – беркут Алашорды» атты кітап 2008 жылы жарық көрді. 2010 жылдың 29 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде «Көкпекті аудандық мәслихатының назарына!» деген айдармен «Саясат жолында басшылық еткен азамат туған жерінде неге ұмыт қалуға тиіс?» деген мақала жарық көрген еді. Онда М. Дулатовтың 1918 жылы жарық көрген «Тағы құрбан (Отыншы Әлжанов)» деген мақаласы беріліп, мемлекет және қоғам қайраткері О. Әлжановтың есімін есте қалдыру мәселесі қозғалған болатын. Бірақ сол мақаланың нәтижесін өз басым баспасөз беттерінен көре алмадым.

1916 жылы Үржар ауданының орталығына Алашорда үкіметінің мүшесі, ағартушы, көсемсөзші Отыншы Әлжановтың қоладан құйылған мүсіні орнатылды. Елім-жерім деп ел тәуелсіздігі мен бақыты үшін бәйгеге басын тіккен алаш қайраткерлерінің әрқайсысы құрметке лайық. Олардың қай-қайсы да тарихтан ойып тұрып орын алатын уақыт жеткен сияқты.

Биылғы жылы алаш қозғалысының 100 жылдығы аталып өтуде. Келер жылы алаштың аяулы азаматы – О. Әлжановтың туғанына 145 жыл толмақ. Шығыс Қазақстанның орталығы Өскемен қаласында алаш қайраткерлері атында бір де бір көше жоқтығы өкінішті. Отыншы Әлжановтың есімін мәңгі есте қалдыру болашақ ұрпақты рухани тәрбиелеу үшін қажет Алаш арыстарының бойындағы патриоттық сезім, ұлтжандылықтың тарыдай түйірі жас ұрпақтың бойына сіңсе, қазақ елі шын мәніндегі мәңгілік елге айналары даусыз.

                                                                                                    

   З. Мұхтарханқызы

                                                                             А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасының өлкетанушысы 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений